Журналистика - өмірімнің өзегі болмақ
жеке
блог

Журналистика - өмірімнің өзегі болмақ

Иә, бала кезімде арманымда шек болмаушы еді. Көрген де , көрмеген де нәрсемді армандаушы едім. Өсе келе, ақыл-ойым толысып, өмірді шынайы бейнесінде қабылдай бастағандықтан, арманымның бағыты да өзгерді.

Менің арманым - қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы алтын көпір журналист болу. Халықпен бірге тыныстап , елімізде болып жатқан жаңалықтың жаршысына айналуды армандаймын. Жалпы , мен бала күндерімнен бастап , теледидардан сөйлеп жатқан аға - әпкелерімнен үлгі алып ,  олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болған едім. Әрдайым газет-журналдарды оқи отырып , әртүрлі тақырыптағы мәселелерді зерделеп , ой елігінен өткізетінмін.  Мектеп қабырғасында , ауданымызда болатын кез-келген мерекелік шараларды жүргізу маған тапсырылатын. Ауылда оқысамда кез-келген нәрсені зерттегенді жаным сүйетін , аудан бойынша ғылыми жобаларда көш бастап , Өскемен , Семей, Алматы қалаларында өткен Республикалық жарыстарда, жүлделі орындарға ие болдым. 

Осылайша іздене отырып , жетістіктеріме көзім жеткеннен кейін менің журналистикаға деген құлшынысым арта түсті. Журналист саласында өзімді бала кезімнен дамыттым деп білемін.  

Алматы сынды үлкен шаhарға арманыммен , мақсатыммен 5 жыл бұрын келдім. Осында оқып жатқаныма басты себеп - үлкен қалада мүмкіндік пен тәжірибелі мамандар көп, арманыма айналған КазГу университеті бар.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: " Жарқын болашақ - жастардың қолында" дегендей біздің болашағымыз өз қолымызда. " Сенде бір кірпіш дүниеге , тетігін тап та бар қалан ", - деп халқымыздың ұлы ақыны,ойшылы, қара сөздің қас шебері Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей , менде осы жылы "өмір" атты  дүниенің табалдырығын аттаймын. "Еңбекпен тапқан нан тәтті" демекші , бойымдағы ойымның ұшқырлығымен , төзімділігіммен әрі сауаттылығыммен журналист саласында дамып , еңбегімнің нәтижесін көрсету үшін барымды саламын.

Менің мақсатым - тек қана журналист болу емес , қоғамға керекті , елімізге еңбегі сіңер , таразының басын тең ұстайтын нағыз кәсіби маман атану. Бұл жолда аянбай еңбек етіп, өз ізімді қалдыру , білікті , білімді мамандардың қатарында болу үлкен арманым. Ал, арманымның мені баулып , үлкен бір асуларға жеткізетініне күмәнім жоқ. Аллаға тәуекел етіп , жеткім келетін меженің бірі - халықаралық дәрежедегі тілші болу. Шетел тілін үйреніп , қазақ халқының мәдениетін әлемдік дәрежеде таныстырсам мен үшін бұл үлкен мақтаныш болар еді. Журналист саласында дамуыма , халықаралық тілші ретінде  қалыптасуыма , Қазақстанның потенциалын шет мемлекеттерге тек жағымды жағынан көрсетуіме , теориялық білімімді шыңдауға КазГу университеті септігін тигізетіні сөзсіз. 

Дайындаған:Секен Айзада