«Дінтану мамандығы»

«Дінтану мамандығы»
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мамандық саны тағы да толықты. «Философия және саясаттану» факультеті «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасында 1999-жылы "Дінтану" мамандығы ашылды. Бұл мамандықты әрі қарай магистратура және доктарантура деңгейіне дейін оқуға болады.Осыған дейін бұл мамандықты докторантура және магистратура деңгейінде оқуға болатын еді. Бұл жерде білімді жастарды, нағыз білікті мамандар дайындайды. Ең бастысы унивеситетімізде басқа елдермен байланыс орнатылған. Студенттерге шетелге шығу мүмкіндігі қарастырылған ( Түркия, Қытай,

АҚШ т.б.). Мамандығымыздың басты мақсаты- дін саласында сауатты, тереңінен ойлап, түйінді ой шығара алатын, мәселеге жан-жақты талдау жасай алатын мамандар дайындау, еліміздегі тыныштық пен берекені сақтауға үлес қоса алатын білікті мамандар дайындап шығару. Дінтану – барлық діндердің тарихын, қағидаларын, мәдениетін, құқығын, экономикасын зерттейтін сала. Дін тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, қарым-қатынас әдебі, моральдық нормалар жиынтығы, жақсы мен жаманды, адал мен арамды ажыратушы рухани қағидалар жүйесі. Сондықтан, дін мәселесі – руханият мәселесі. Дін – адамзат баласы пайда болған уақыттан бастап өмір сүріп келе жатқан ерекше құбылыс. Дінтану ғылымы діннің пайда болу, қызмет ету мен даму үдерісін, оның құрылымы мен әр түрлі бөліктерін, қоғам дамуының әр түрлі кезеңдері мен қазіргі таңдағы діннің көптеген көріністерін, жекелеген тұлға мен жалпы қоғам өміріндегі орны мен рөлін, мәдениеттің басқа салаларымен өзара байланысы мен әрекеттестігінқоса зерттейді. Міне осындай сұраныстағы мамандықтың білікті маманы болу үшін сені «Дінтану» мамандығына шақырамыз.
Осы мамандықтарға түсу үшін талапкерлер арнайы пәндер бойынша 2 шығармашылық емтихан тапсырады:
1)Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу;
2)Дін бойынша ауызша емтихан.
Бұл мамандықты бітіргеннен кейін:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты;
Қазақстан Республикасы қалаларының және облыстарының әкімдіктері - Дін істері жөніндегі басқармасы;
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі сияқты белді жерлерден тәжірбие мен жұмыстан өте аласыз.
Дәріс беретін ұстаздарымыз теология саласынан ойып тұрып орын алған білікті жандар. Кафедрамызда оқу үшін барлық жағдайлар жасылған. Студенттер үшін соңғы технологиялармен қамтылған кабинеттер, қазынаға мол кітапхана, іздегеннін бәрі табылады. ҚазҰУ – мүмкіндіктер мекені. Сіздерді, осы бір керемет мамандықты біздің университетімізде оқуға шақырамын.
Қорыта айтқанда, әл- Фараби бабамыз «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп бекер айтпаған болса керек. Болашақ маман ретінде алдымызға қояр мақсатымыз тәртіпті, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда қара шаңырақтың бізге үйретері көп.

ҚазҰУ, Дінтану мамандығы 3 курс студенті

Қызайбек Сымбат Мұхтарқызы

аға оқытуш, PhD. Мұқан Нұрзат.

www.kaznu.kz