Экономика ғарыш саласына қалай әсер етеді?

Экономика ғарыш саласына қалай әсер етеді?
жеке
блог

 Егер бізде ғарыш саласында орасан үлкен жетістіктер болса, онда неге ғарышкерлер  60 жылдан бері капсула мен парашюттерде жерге қонып жүр? Мұның себебі өте қарапайым - экономикалық орындылық. Ең алдымен ғарыштан жерге оралу үшін, түсірілетін капсуланы ғарышқа жіберу керек. Ол үшін үлкен мөлшерде жанармай жаратылады, сондықтан көп қаражат жұмсалады. 

   Спейс-Шаттл және Буран бағдарламаларын еске түсірtq3r - өте үлкен,ауыр,әмбебап кеме-ұшақтар, олар үшін сыртқы жанармай багын іліп қою керек болды. Өте таңғаларлық үрдіс болғанымен, мемлекет қалтасына қатты тиеді.

 

   

   Boeing X-37 ғарыш кемесі - бүгінгі таңда ұшақ типінде құрастырылған ғарыш кемесінің әлі күнге дейін қалған жалғыз жобасы. Boeing X-37 ғарыш кемесі - әскери мақсатына байланысты құрастырылған жоба болғандықтан, оның құрылысына ешқандай қаражат үнемделмеді. Нәтижесінде, Boeing X-37 ғарыш кемесі қазіргі күнге дейін әскери қатарда.

 

 

   Илон Маск бұрын қолданыста болған, парашютпен жерге қонатын ғарыш кемесінің экономикалық көрсеткіштер бойынша әлдеқайда жақсы екенін бүкіл әлемге көрсетті. Көлемді және ауыр жабдықты қолданғаннан гөрі, табиғи шешімдерді қолданған әлдеқайда оңай және жеңіл.

 

   Ғарыш кемесін ұшыру және жерге оралу кезінде қаражатты үнемдеу, болашақта ғарыш бағдарламаларын шығынға емес, табыс көздерінің айналуына мүмкіндік береді. Бәсекелестіктің арқасында сапа жақсарады, ал ғарыш кемелерінің іске қосылған саны едәуір артады.