Мен Тәуелсіз елдің ұланымын!

Бодандықтан құтылып , еркіндікке аяқ басқан Қазақстаныма 30 жыл! Қуанарлық сәт! Алайда осы тәуелсіздікке жету бізге оңай болған жоқ және оны алу үшін екі жүз жылдан астам уақыт қажет болды. Отан үшін және оның болашақ гүлденуі үшін күресте көптеген адамдар қасық қаны қалғанша шайқасып,мерт  болды. Бұл кең байтақ жерлер,алқаптар мен тау-сулар, біздің ата-бабаларымыз әр түрлі уақыттарды бастан өткерді: жоңғарлардан қорғанды, патшалар тұсында қыспақта қалды, ал Ұлы Отан соғысы кезінде фашисттермен  шайқаса  батырлық көрсетті. Сондықтан, еліміз тәуелсіздік алған күн- 1991 жылғы 16 желтоқсанды, Қазақстан нығайып, аяққа тұрған күнді әркім есінде мәңгі сақтайды.     Хан,батырлардың жолын жалғастырған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  нағыз патриот,сонымен қатар дана, стратег тұлғалар. Сол кісілердің көшбасшылығымен біз қазірдің өзінде біраз жұмыс жасадық: жаңа мемлекет құрдық, экономиканы дамыттық және адамдардың өмір сүру деңгейі көтерілді. Сондықтан халқымыз біздің Елбасы мен Президентімізді жақсы көреді және оған сенеді. Мен Қазақстанның осы кезеңдегі  жеткен жетістіктеріне шүкір деймін.Себебі,қаншама алпауыт шайқастардан аман өтіп,қазіргі уақытта мемлекетіміз мықты әрі еркін ғана емес, сондай-ақ демократиялық елдер қатарына кіріп отыр . Біздің экономикамыз тұрақты, еліміздің барлық халықтары бір отбасы сияқты достықта өмір сүреді. Кітаптар әртүрлі тілдерде басылады. Радио мен теледидарда ұлттық театрлар, музыкалық ансамбльдер, бағдарламалар бар. Бұл достық біздің Қазақстанды және ортақ жарқын болашағымызды құрудың негізі болып табылады! Біздің мемлекетіміздің бейбітшілігі болашақта өркендеудің кепілі. Тәуелсіздік алған кезден бастап экономиканы, ғылымды, мәдениетті дамытуға ден қойдық. Оның символы-жаңа елордамыз, әсем Астана. Оның қаншалықты тез өсіп, заманауи қала болғаны еңбектің нәтижесі деп білемін !  

Осы уақытта еліміз жаңа серпінмен жас ұрпаққа сенім артқандықтан ,  біз ел үшін тірек болуымыз керек.Мына дәуір ендігі қылыштың күшімен емес, білім- ғылыммен сыналатын кезең екенін ескерейік дегім келеді. Әр жас азамат пен азаматшаға берілген міндет- жақсы білім алып ,өз ісінің  жақсы маманы болуға тырысуы. Осылайша Біз  туған еліміздің , сүйікті Қазақстанымыздың  дамуына өз үлесімізді қоса аламыз.www.kaznu.kz

 

 

Сулейман Нургүл Мутанқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

3-курс студенті

Жетекші:PhD доктор, аға оқытушы

Мұқан Нұрзат

 

 



Бөлісу: