Экстремизм мен радикализм

Экстремизм мен радикализм
жеке
блог

            Діни экстремизм мен радикализм
Діни экстремизм және радикализммен нақты тәжірибеде жүзбе-жүз күресіп жүрген сарапшы-мамандар мәселенің түпкі себептерін емес,көбіне көп салдарын жоюға күш жұмсайды деп ойлаймын:Неге? Себебі діни қауіпсіздік мәселесімен шұғылданатын мемлекеттік органдар да негізінен оңалту және дерaдикaлизациялық бaғыттa жұмыс істейді.Бірақ,тәжірибеге кейбір жағдайларға қарайтын болсақ,аталмыш мемлекеттік органдар діни экстремизм мен радикализмнің көбінесе салдарымен күресіп ,олардың қоғамға келтірген зияндарының орнын толтыруға басымдық беріп жатады.Шынтуайтында,діни экстремизм мен радикализм мәселесінің қаупін сейілту и үшін салдарымен бірге оның түпкі себептерін жоюға мән беруіміз керек деп ойлаймын.Ал оның түпкі себептерін қандай қоғамдық факторлар құрайды? Біз тек діни экстремизм мен радикализмнің салдарынан басымдық берместен,осы мәселелерге де жіті назар аударуымыз қажет.Діни экстремизм мен радикализмге итермелейтін себептерді анықтау арқылы біз мәселенің түпкі сырын біле аламыз деп ойлаймын.Ол үшін діни экстремизм мен радикализмнің шығу тегі мен оған итермелейтін факторларды анықтасақ,шешімін табу қиынға соқпасы анық.Жалпы діни экстремизм мен радикализмге итермелейтін көптеген факторлар бар.Олардың біразын айтар болсам.
1. Психологиялық факторлар:
Ой-өрістің дұрыс жетілмеуі
Психикалық ауытқушылыққа ұрыну немесе отбасы бақытың сезіне алмаушылық
Қылмыс жасап,одан арылу үшін діннен жұбаныш іздеймін деп діни радикализмге ұрыну
Не болмаса дінге бет бұрамын деп рационалистік пайымнан айырылып қалу деген сияқты.
2.Әлеуметтік факторлар:
Индивидтің өмірден әділетсіздік көруі;
Қиын әлеуметтік ахуалдың(кедейшіліктің) ауыртпалығын көтере алмау;
Дін ұстануды әлеуметтік-экономикалық мүддеге айналдыру;
3.Діни факторлар:
Дәстүрлі діни құндылықтар туралы жеткілікті мәліметтермен сусындамау;
Теріс діни ағымдардың жалған идеологиясына алдану ;
Белгілі бір шейх немесе жалған уағызшыны соқыр сезіммен ұстаз тұту сияқты факторларды атап өтуге болады.
Қорыта келе теріс діни ағымдар адамдардың осындай жан күйзелісін ұтымды пайдаланып,мұндай сәттерді өз пайдаларына қолдануға түсіруі анық.Бұл мәселелерге байланысты оқиғалар елімізде де орын алғаны анық.Сол себепті бұндай теріс ағымдардың жетегінде еріп кетпеу үшін әр адам өзінің діни сауатын арттыра отыра,нақты емес деректерге шынайы көзқараспен қарамау керек деп ойлаймын.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, философия және саясаттану факультеті, Дінтану мамандығының 2 курс студенті Ризабек Лашын 
Жетекшісі философия ғылымдарының кандидаты, дінтану жане мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Кантарбаева Ж.У www.kaznu.kz