Дін тану сұранысқа ие

Дін тану сұранысқа ие
жеке
блог

Сөзімнің басын күллі мұсылман жұрты мен түркі халықтарына ортақ болған «бісміллә»мен бастағанды жөн көрдім.Ата бабамыз қашаннан болсын діннен кем болмаған.Өз уақытына,тұрмысы мен дәстүріне сай дін ұстанып отырған болатын.Он екі ғасыр алдын Ислам діні өркен жайып, Әлмисақтан мұсылман болдық.Бірақ бұл тарихымызбен жерімізде тек бір ғана дін үстемдік етуі шарт деген сөз емес!Ділі,дәстүрі мен тілі әртүрлі халықтардың сеніміде басқа болуы заңдылық.Еліміз тәуелсіздік алған жылы ресми санақ бойынша 130-дан астам ұлт пен ұлыс мекен ететіні белігілі болды.Ислам мен Христиан діні кең өрістеп,Буддизммен Иудаизм дініде қатарға келіп қосылды.Және ірілі ұсақты жамағаттар мен конфессиялар бой көтерді.Діннің қызметі біріктіру болғанымен,оның екінші ұшы толеранттылықпен ел тыныштығының бұзылуына әкелуі әбден мүмкін еді.Осы орайда Зайырлы мемлекет үшін зайырлы қоғам қалып тастырушы маманға мұқтаждық етті.Әлемдік тәжірибедегі Дінтану,Исламтану,Теология секілді мамандық иелері «Мәңгілік ел» бірлігі үшін ең керектісі болды.Мектептерде арнайы бағдарлама жасау, мамандарды дайындауы,жас тәуелсіз елдің ең дұрыс шешімі болды.Және бүгінде өз жемісін беруде.Дін мамандарына сұраныс өте жоғары.Қазақстан халқының бірлігі мен сенім бостандығын тұрақты түрде қорғап келе жатқан салалардың біріде бірегейі осы мамандық иелері.

Алайда қазақта -тауық сойсада қасапшы сойсын, деген сөзді ескерсек бұл күндері діннің атын жамылушылар мен арандатушылар көбейіп кетті.Қазіргі таңда спортшы,журналист,психолог пен әртістерде дін жайында сөз сөйлеп жүр.Дін мамандарының саны мен сапасы артатын болса бұл оқылықтыңда орны толары анық.

#dintanu #islam #teologya #muslim #ҚМДБ #дінтану #ерекшемамандық #зайырлыҚазақстан #зайырлылық

Мәліков Наурызбай Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті www.kaznu.kz дінтану мамандығының студенті.

Жетекші-филология ғылымдарының кандидаты,дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Қаңтарбаева Ж.У