Діннің қоғамдағы орны
жеке
блог

Діннің қоғамдағы орны

Діннің қоғамдағы орны

Дін – қоғамның рухани өмірінің маңызды саласы. Ол – Құдай мен адамның байланысы арқылы адам өмірінің мәніне айналған сана формасы. Дін қай халықтың болсын мәдениетінің рухани негізі. Дін адамдардың жеке сеніміне қатысты десекте оның белгілі әлеуметтік топтарда және қоғамда алатын орны ерекше.

Діннің мәні дүнетанымының формасы. Жалпы қоғамда діни сана үнемі болып келеді. Дін мен қоғам бір – бірімен ажырамайтын ұғым. Бүгінгі таңда әркім өзінің діни сеніміне берік бола отырып, ортақ адамзаттық келісімге келу өркениеттік сананы тудырады. Қазір елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату – тәтті тұрып жатыр. Олардың бәрін бір мақсат пен ортақ мүдде біріктіріп, топтастырып, ауыз біршілігін күшейтіп отыр. Осындай ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел халқының 70 пайыздан астамы мұсылмандар. Дегенменде біздің дінімізге соңғы кездері түрлі жағымсыз теріс діндерді тарату байқалуда.

Біз дінімізді түрлі саяси мақсатқа пайдаланғысы келетіндерге жол бермей, әрі олардың жетегіне кетпей, тосқауыл болуға тиіспіз.

Дін – бір ұлттың меншігіндегі дін емес.  Яғни ол адам таңдамайды. Мейлі ол қара болсын, ақ болсын, бай болсын , кедей болсын, бөліп жармайды. Және ислам бүкіл ғаламдық дін болғандықтан, ұлтшылдықты, нәсілшілдікті дұрыс көрмейді. Бір ұлттың немесе нәсілдің басқаларға үстемдігін тудырмайды.

Адам әрқашан сеніммен өмір сүре бәрі керек. Діннен тыс өмір сүрген пендені – дін адамдардың дүниеге деген сенімі мен нанымы болып табылады. Яғни, қазіргі әлемдегі дәстүрлі діндердің ұстанған бағыттарында өзгешелік болғанымен, діни ілімдері жөнінен өзіндік ортақтастық байқалады. Ол – рухани ортақтастық.

Әлемдік діндер негізгі конфессиялар мен бағыттарды құрайды. Мысалы, Христиан діні шеңберінде үш бағыт қалыптасып, ол бағыттың әрбірінде культтік және сенім – наным мәселелері құрайды. Бүгінгі католик конфессиясы аясынан табылатын түрлі діни бағыттар христиан дінінің қалыптасуы және жер шарының түкпір – түкпіріне таралу тарихымен бір байланыста.

Бүкіл әлемдік діндер Құдайдың жалғыз екендігін мойындайды. Сондықтан көптеген діни доктриналардың өзара сыйыспаушылығы діннің түпкі мақсаты мен шынайы ақиқаттарды бұрмалаудан туындаған.

Сондықтан да бүгінгі таңда конфессияаралық ынтымақтастық, рухани бірлік және келісім өте өткір мәселе. Оған қол жеткізу халықтардың, мемлекеттердің, тұтастай адамзаттың қалыпты дамуы үшін қажет.

Көп ұлтты ел болып өмір сүруді үйреніп кеттік. Бірақ, көп дінді болып өмір сүру қиынға соғама деп қорқам. Заңды түрде          « сенім бостандығы » деп әртүрлі дінге есік ашып, ерік беріп қойғанбыз. Сол келген діндердің ұстанушыларында ұлтын қадірлейтін, отансүйгіштік, отанқорғаушылық қасиет жоқ. Кейбірінің шаңырақты шайқалтатын, мемлекеттің ішкі тұрақтылығын бұзатын, ұлтараздықты туғызатын, ел қауіпсіздігіне қатер төндіретін тым өрескел іс- әрекеттері бар. Қаншама «сенім бостандығы» дегенімізбен ел болашағын ескергеніміз жөн.

Дін – ізгіліктің басты белгісі. Адамдарды имандылыққа шақыратын басты құрал деп білеміз.

Қорытындылайтын болсақ, тілі мен дінін жоғалтқан халық – өлген халық. Ұлт есебінде жер бетінен жойылып кеткен халықтар әуелі тілі мен дінінен айырылып барып, басқа халыққа жұтылып кетеді. Оған тарих куә. Әр азамат өз қарақан басын ғана ойлап, сөз бостандығын қалқан етіп, біріміздің біріміз жағамыздан алып, жазықсыз да негізсіз жала жауып, сүріндіруге тырыссақ өзіміз де, елімізде қасірет шегеді. Осыны ұмытпаған жөн дер едік. Елдің, діннің, тілдің ертеңін ойлайық.

Бүгінгі күні халық пен жер, дін, Отан – тұтастығын сақтап, дербес те тәуелсіз мемлекетімізді одан әрі баянды етуден артық міндет жоқ.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті www.kaznu.kz

Философия және саясаттану факультеті

Дінтану мамандығының студенті  Сеитнұр А.Б

Жетекшісі философия ғылымдарының кандидаты,

Дінтану және мәдениеттану  кафедрасының аға оқытушысы Кантарбаева Ж.У.