Әулет пен Әурет

Әулет пен Әурет
жеке
блог

Әулет пен әурет
Елімізде көп қордаланған,пікірлермен таластардың алдында жүрген әңгімемен мәселенің бірі мына орамал мәлесі болып табылады.Қазіргі уақытта саябырсығаны мен толық шешімін таппай отырған жайы бар.Бірі әуретімізді жауып әулетіміздің абыройын көтереміз десе, екінші тарап Арабтан келген киім деп,тұмшалану әулеттің қара дағындай көруде.Мұндай жағдайда не дерімізді білмей дал болып қалатынымыз бар.
Осы орайда бір ұқсастық көргендеймін.Әуриетіңнің жабық болуы Алладан заң,бабадан аманат,ертеңге өсиет болуы шарт.Бірақ..
Біз білеміз әлемді жайлаған жаһандану дәуірі елімізді айналып өтпейді.Және жаһандану өзінің мәдениетін шекарадан асыруы қиындық тудырған емес.Мәдениет деуге келер мекен?Алайда мәдениеттерді жағаға шығарушы асау толқын десек дұрыс шығар.
Бұрындары елімізде Америка мен Қытайдың,Французбен Жапондардың ғұрпы таңсық болатын.Әр елдің салты басқа деген ата бабамыз жатсынған дүниені бізде кешеге дейін қабылдамағандай болдық.Алайда әлеуметтік желі бүгінгі жаңа қазақтың болмысын өзгертті.Ақшасы барды ақылды көрсетіп,қысқа кию сұлулық,ажырасу мен жеңіл жүрісті насихатталып,Аллаға сену діншілдік,енді міне көгілдірдің айы оңынан туып тұр ғаны бар.Кімге? Неге? ренжиміз..
Он үшінен шарап ұрттап,шылым шеккен ағалар,орамалын тастап әуретін ашқан кешегі қыз келіншек бүгін ел ағасы болған шағында ұл қызға жөнді тәрбие бере алмай отыр ма?Әліде өзінің бойындағы мінін отыз жыл бұрын келмеске кеткен "Кеңес"-тен көре береді ме?Орамал туралы даудың айналасы осы кісілердің қарсылығынан басталатыны да рас.Ата бабасының басына зиярат етуді ұмытқан ұрпақ,ата бабасымен мақтанып,масаттанып не керек.Ал ата бабамыз осы бүгінгі күнге разы ма?Шашы сары қызыл келін сәлемсіз,келіннен қорқатын ұл көңілдесті,туылған бала жетім...
Бұл олқылықты бір заңға,бір дінге,жалғыз ұлттық тәрбиемен құндылыққа сүйеп қоймағанымыз жөн.Ел бірілігі мәңгі болсын десек ұлтқа қызмет ететін заң,қыстаусыз дін,ұлттық құндылықтарға арқа сүйеу керек.Ата бабамыз сонда риза болар.Өлі разы болмай тірі байымайды деген ата бабамыз қате айтқан емес.Қабірлердің басына әлеуметтік желіге бейне түсіруге емес,зиярат қылуға барайық.Отан отбасыдан басталады.Ақсақалды ата,ақ жаулықты әже ортамызда ақыл айтса,қызы тыңдап келін ұқса тамаша емес пе.Бақыт деген бұл қазақ болу,мұсылман болу.Бақытты бағалайық,қолда барла қадірін білейік. Бүгінгі жас ұрпақ елдің ертеңі мен болашағы.Әрбір осы елдің азаматы болашақ үшін қарыздармыз.Елдің мәңгілігі біздің бірлігіміз бен білімділігізбен болмақ.

Мәліков Наурызбай Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті www.kaznu.kz дінтану мамандығының студенті.

Жетекші-филология ғылымдарының кандидаты,дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Қаңтарбаева Ж.У