Теологиялық көмек

Теологиялық көмек
жеке
блог

Ақтау қаласы тергеу изоляторында 2021 жылдың маусым айының 8 күні "Ақниет" ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы "қоғамдық қоры мен лектор – теологы Тыныштықов Асланбек Сағынайұлы ГМ-172/10 мемлекеттік мекемесінің әкімшілігімен өзара ықпалдастықтың нәтижесінде ақпараттық – насихаттау, қайта тәрбиелеу және бейімдеу арқылы оңалту жұмыстарын жүргізу бойынша мақсатты контингентке бағытталған топтық кездесу ұйымдастырды. Мекеменің ішкі тәртібіне сәйкес ҚАЖ Департаменті ГМ-172/10тергеу изоляторында сотталушыларға ofline режимінде тәрбие сағаты жүргізіліп, «Жаһандану және рухани жаңғыру» тақырыбы аясында лекция оқылды. Жүзбе-жүз форматындағы кездесуге арнайы контингенттер арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстары жөніндегі инспектор теологы Булатбеков Серик Маратович қатысты.

ГМ-172/10 мекемесінің баспасөз қызметі әділет аға лейтенанты Сакен Жарылкапбаев