Рәміздер күні аталып өтті
жеке
блог

Рәміздер күні аталып өтті

Ақтау қаласының түрмесінде жазасын өтеуші сотталғандар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күнін 4 - 6 маусым күні мерекеге орай мәдени және спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шараның ашылуы ГМ-172/10 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Есбулат Ағлепесұлының құттықтау сөзімен бастау алды. Мерекелік іс-шара барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілді.

Шаруашылық жасағының жазасын өтеуші сотталған Б.Донбаев мерекелік іс-шараны жүргізді.

Мерекелік іс-шара «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы қызметкерелері ұйымдастырған  интеллектуалды ойынымен басталды.

6-маусым мемлекеттік рәміздер күні мерекесінің шығу тарихы бойынша  ақпараттық бейнеролигі көрсетілді. Іс-шарада шаруашылық және оқшауланған аймақтағы жазасын өтеуші сотталғандар А.Канашев, Ж.Байтурова, Г.Атабаева  Елтаңба, Ту, Әнұран туралы өлең шумақтарын айтты.

Сонымен викториналық сұрақтар яғни  ақ қағазға жасырын жазылған сұрақтарға іс-қимылмен көрсету арқылы жауап беру ойыны ойнатылды. Жазасын өтеуші сотталғандар Е.Абдурахмонов, К.Сартов, А.Турлыбаев, Ж.Ажмамбетов өлең шумақтар оқыды.  

«Шалмен кемпірдің  шетелге кеткен баласы» атты, жазасын өтеуші сотталғандар Е.Абдурахмонов, А.Медагулова, Б.Танадов, Ж.Байтурова, А.Абдимуратов  сахналық көрніс көрсетті.

2021 жылдың 06 маусым күні спорттық іс-шара өткізілді. Спорттық іс-шарада жазасын өтеушілер, яғни «Жайық», «Кұлагер»  атты  2 топқа бөлініп жарысты. Жарыс  үстел теннисі, шахмат, гір тасын көтеру  ойындары ұйымдастырылды. Жарыста жүлделі орын алған командалар марапатталды.

 Іс-шара соңында мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Е.Ағлепесұлы жазасын өтеушілерді 4-маусым  Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне  құттықтау сөзін айтып, іс-шараға белсене қатысқан сотталғандар  марапатталатынын айтты.

ГМ-172/10 мекемесі әділет майоры Ғабит Бердишев




Жұлдызды блогтар