Бәріміз теңбіз,бәріміз бірміз

                                             Бәріміз теңбіз,бәріміз бірміз

                                                                        "Адамның бір қызығы – бала деген" дейді Абай.                                                         

Қазақ болашағының бастауын баладан көрген. Сіздің балаңыздың қоғамға адам ретінде қалыптасып келе жатқаны,жәй ғана ойлай алатыны,былдырлап сөйлегегені,томпаң қағып жүгіргені басқа  «Ерекше» балалары бар ата-аналар үшін арман екенін көбіміз түсіне бермейміз...                   «Ерекше» балалар туралы біздің қоғам не біледі? Ерекше балалар басқа қарапайым балалардан дамуы қарқыны өзгешерек.  Аутист балалар  басқа балаларды көрсе тістеп тастауы мүмкін немесе ұрып тастайды,олардың ойлау қабілеті дамымаған міне осылай түсінеміз көбіміз.Мүмкін, осы себептіде қарапайым балалар баратын балабақша тәрбиелеушілерінің басым  көпшілігі «Ерекше»  балалардың орны тек қана түзету кабинеттері деп түсінеді. Бір қуантарлығы қазіргі таңда Қазақстанда арнайы балабақшалар ашылып мен мемлекеттік балабақшаларда инклюзивті білім беру жүйесі іске асырылуда.  Түзету кабинеттеріне барғаны дұрыс,бірақ оларда біздер секілді сүйекпен еттен жаратылған, оларға да қоғаммен және қарапайым балалармен байланыс керек екенін ұмытпайықшы.Қоғамдық ортада «Ерекше» балаларды көрсеңіз шошымай жәй ғана күлімдеп қарағаныңыз немесе түсіністік танытқаныңыздың өзі олар үшін демеу,ата-анасына деген қолдау.       Әрине бұған қоғамды кінәладың керегі жоқ, Ерекше бала ұғымының өзі біздің елімізге енді-енді  таралып келе жатыр.                                                                                                                   Ал, «Ерекше» бабалардың ата-анасына айтарым балаңыз қандай болса дәл сондай қалпында қабылдап үйреніңіз.Сүйіңіз,қабылдаңыз,қорғаңыз,сыйлаңыз.Ең бастысы балаңыздың кейбір ерекше қылықтары үшін ұялмаңыз. Сіздің Ерекше балаңыздың ойлау қабілеті  де ерекше. Сіздің балаңызды сіздің махаббатыңыз бен қолдауыңыз өсіреді.



Бөлісу: