Заман талабына сай маман атан

Заман талабына сай маман атан
жеке
блог

Уақыт өте келе көптеген салалардың пайда болуымен және технологиялардың дамуымен, технологиялық процесстерді адамның араласуынсыз ұйымдастыруға мүмкіндік туды. Бұл адам қызметінің барлық салаларында ғаламдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты автоматтандыру және басқару мамандығы пайда болды.

Алматы технологиялық универсететінің ӨҮМжА кафедрасы Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша білім алуға шақырады.

В063 – ЭЛЕКТРОТЕХНИКА ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ – «АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ»

· тамақ өндірісін автоматтандыру және басқару;

· қайта өңдеу өндірістерін Автоматтандыру және басқару;

· жеңіл өнеркәсіптегі Автоматтандыру және басқару.

Таңдау пәндері: Математика, физика
Берілетін дәрежесі: «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры

Оқудың 5 артықшылығы:

· Жаһандық еңбек нарығындағы өндірістік процестерді автоматтандыру және басқару бойынша кәсіп өкілдеріне сұраныс

· Өнеркәсіптің көптеген салаларында өндірісті кешенді автоматтандыру бойынша мамандардың қажеттілігі

· Кәсіби мүмкіндіктер мен мүдделердің кең спектрі

· Кәсіби деңгейі бойынша мамандардың жоғары жалақысы

· Халықаралық мансап құру мүмкіндігі

Жұмыс орны:

· әртүрлі өндірістердің технологиялық процестерін басқарудың автоматтандырылған жүйелері

· әр түрлі мақсаттағы автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйелері

· әр түрлі мақсаттағы деректерді қабылдау, өңдеу және берудің автоматтандырылған жүйелері

· жүйелерді, объектілерді, құрылғыларды және т. б. жобалаудың автоматтандырылған жүйелері

Кәсіби қызмет саласы:

· басқарудың әртүрлі автоматтандырылған жүйелерін құрудың заманауи әдістері мен құралдарын ұйымдастыру және енгізу