21 ғасырдағы діннің рөлі

21 ғасырдағы діннің рөлі
жеке
блог

Жалпы діннің анықтамасын әр ғалым, немесе әр дін өздігінше беруге тырысады. Дегенмен дін ғасырлар бойы адамзатпен бірге келе жатқан рухани мәдениет десек артық айтпаған боламыз. Себебі дәл осы дін сол қауымның тарихын, құндылықтарын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, құдайға, рухқа, жанға деген сенімін бірге алып жүргенін көре тұра осылай демеу әбестік болар. Бірақта осы әртүрлі рухани мәдениеттің бөліктерін алып жүруші дін әр уақытта дірдей дами берген немесе  құлдырай берген деген қате түсінік.Дін әр уақытта өз сипатына, тарихына, тәліміне қарай даму, таралу деңгейі өзгеріп отырған. Мысалыға жалпы дін түсінігі XV-XVI ғасырларға дейін негізгі мәдени әрі идеологиялық сенім ретінде танылса тіпті кейбір елдерде биліктің көзі бола отыра дамып отырса. Ал XVII-XVIII ғасырлардан бастап 20 ғасыр соңына дейін діннің адмазат тарихындағы ең бір құлдырау кезеңі болды десек артық айтпаймыз. Ал осы жаңа замандағы діннің рөлі тіптен басқа.Қазір біз дәл сол 21 ғасырдағы дін қандай деген сұраққа жауап іздесек.

   Дін 21 ғасырда несімен ерекшеленеді, олардың басқа кезеңдердегі діндерден айырмашылығы қалай, 21 ғасырда әлемде толығымен дінсіз қоғам орнайды деген ағартушылық дәуірдегі ғалымдардың айтқаны неге орындалмауда, тіпті неге дін керісінше дамуда деген сұрақ туындайды. Оған әртүрлі себептер мен сан алуан жауаптарды атап көрсете отыра 21 ғасырдағы діннің рөлін айқындау әбден мүмкін.

   21 ғасырдағы дін басқа уақыттардағы дінмен несімен ерекшеленеді? Біз бұл тақырыпта жаңадан шыққан діни топтар, секталар, ұйымдар жайлы емас бір діннің екі уақыттағы айырмашылығын айтсақ. 21 ғасырда дін заман талабына сай өзгере алуымен, жаңадан шыққан жаңалақтарды өзіне қарсы етіп қоймай солардан өздеріне керек пайданы іске асыра алуымен және өздерінің тек ескімен жүру керек деген қатал ережелерін жұмсартуымен ерекшеленеді. Оған дәлел қазіргі діндердің заманға сай әлеуметтік желілерде болсын, белгілі бір сайттарда болсын өздерін ашық көрсете алуында, және өздерінің сенімдерінің дұрыс екендігін дәлелдеу үшін әртүрлі қадамдар жасай алуында. Мысалы алып қарайтын болсақ барлық діндердің әлеуметтік желілерде өз парақшалары, интернет желілерінде өз сайттары, ондағы сайттарда бүткіл мағлұматтарды табуға мүмкіндіктің болуын сөзге келтірсек.Ал діни ғимараттар мен бөлімшелердің орыны бір бөлек, заманауи стильдегі діни орындар, ондағы жасалған жағдай барлығында бірдей болмаса да әжептеуір. Тағы да бұрын соңды болып көрмеген дін қызыметшісін көрмей ақ қашықтықдан дінді үйрену діннің дамуына керемет мүмкіндік. Оның үстіне заң аясы бойынша да дін бостандығының әлемнің бірталай елдерінде жариялануы, ондағы адамдардың көбісі көзі ашық білімді болғандықтан саналы түрде дінге келуі дінді нығайтағанда қайтсін.

   Дегенменде бес саусақ бірдей емес, яғни барлық дін тек адал, қауіпсіз сенімді насихаттай бермейді. 21 ғасырдың ауруы да осы болар Қазіргі таңда дін үшін деп көптеген азаматтар теріс ағымдар арбауында қолына қару алуда. Одан басқа бір діннің ішінен бірнешеге бөлініп бір бірлерін даттау (ол әрине әлемдік діндердің бәрінде бар) діннің әу бастағы міндетін бұзатындай, дегенмен осының бәрі тек 21 ғасырда пайда болмағанымен сол ғасырда жүзеге асып отырғаннан кейін айтып өткен жөн.

  Қорыта келе діннің тек 21 ғасырда ғана емес одан кейін де жалғаса беретінін, ал дін үшін 21 ғасыр тек басталып жатқанын көреміз

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  университеті

Тұрысбек Асан Әшімбекұлы

3 курс студенті

Жетекші: аға оқытуш, PhD Мұқан Нұрзат.

www.kaznu.kz