Қазақстандағы діни жағдай
жеке
блог

Қазақстандағы діни жағдай

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «діни атеизм  де, шектен тыс фанатизм де қоғам үшін аса қауіпті» деген сөзінің қазіргі таңда актуалды екені анық.

Дінсіз қоғамда да адамның рухани дүниесін басқа идеологиямен толтырып, адамгершілік моральдік принциптерді елемеу кезінде Кеңес дәуіріндегі қуғын-сүргінге алып келді. КСРО мемлекет ретінде тарих сахнасынан кеткен кезде кеңестік азаматтық коммунистік қоғам құрамыз деген сенімі жоғалып, рухани дүниесі босап қалды, бұл діни секталар мен деструктивті діни ағымдардың Қазақстанда күшейіп кетуіне жол берді.

Қазіргі кезде мемлекетіміздің басты идеологиясы «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қабылдануы осы рухани коллапстан шығудың бірден бір жолы деп есептеймін. Біздің қоғамымыз зайырлы, көп конфессияналды қоғам болып табылады. Біздің елімізде бір-бір дінге басымдық берілмейді, бір-бірімен тату-тәтті , құрметпен қарым-қатынас жасайды, мұны біз діни төзімділік немесе толеранттық деп атаймыз.

Еліміздің көп ұлтты екенін ескерсек біздің қоғамда діни экстремизм немесе деструктивті діни секталарды құруға жол бермеу керек екенін әрбәр саналы азамат түсінеді деп ойлаймын. Өкінішке орай көптеген жас қазақ азаматтарымыз әртүрлі діни ұйымдардың принциптеріне мызғымастай сеніп, қоғамның демократиялық , құқықтық принциптеріне қарсы келетін пікірлер мен іс-әрекеттерді оп-оңай жасауда. Егер қандай дін болмасын қағидасына сенсек ол гуманистік принциптерді негіздейді, адамды кемсітпейді, қайырымдылық пен жанашырлық негіздерге сүйенеді. Ондай принциптерден ауытқушылық деструктивті ағымға саяды.

Діни экстремизмнің туындауының себептері туралы Л.Маевская былай жазады: «діни экстремизмнің туындауы экономикалық және саяси үстемдікке қол жеткізуден туындайды». Егер ой елегінен өткізсек шындығында экстремизм дамыған кей елдерде олар билікке немесе экономикалық үстемдік монополияға қол жеткізу үшін күресіп жүр, олардық қылмыстық топтардан еш айырмашылығы жоқ. Тек өз жақтастарының саныны көбейту үшін рухани жүдеу адамдардың сеніміне дінді бет-перде ретінде қолдану арқылы кіріп, өз жағына тартуда.

Ал, С.Н. Помминов –діни экстремизм себептерінің бірі саяси құрылымдардың қайта қалыптасуы (біздің жағдайымызда КСРО құлаған кезде ұлттық құндылықтарымыз әлі рухани дүниені толтыратындай идеологияға айналмаған кезде туындады); әлеуметтік-экономикалық дағдарыс(біздің еліміздің жағдайында 90-жылдардағы дағдарыс маетиалдық құндылықтарды бірінші орынға шығарған кезде пайда болды); көп конфессиялды мемлекеттегі діни төзімсіздік(біздің жағдайымызда бұл көп кездеспеген құбылыс): халық өмірінің деңгейінің төмендеуі(біздің еліміздің жағдайында дағдарыс ауыл және қала халқының тұрмысын қатты төмендетіп, жалақы алмаған, жұмыссыздық басым кезінде қылмыспен қатар дамыды десек де болады).

Жалпы алғанда қоғамның қалыпты дамуы мен ауқатты мемлекет тұрғысынан қарағанда дін адамның рухани жан дүниесін жақынына деген сүйіспеншілік пен рухани азғындаудан сақтайтын құрал болуы керек. Қандай да бір қоғамға жат қылықтарды жасаудың өзі адамды діннен алыстатып, оны өз мүддесіне пайдалану, азаматтық құқықтарын аяққа таптау деп түсінемін.

Алдымызда қандай міндет тұр, «ұлттық құндылықтарымыз бен ортақ еліміздің баянды дамуы» басты идеологиямыз «Мәңгілік ел» идеясын дамыту, рухани жаңғыру арқылы қазақи сал-дәстүрлерді, ұлттық болмысты, рухани сана мен азаматтық қоғамды қалыптастыру міндеті тұр. Біздің менталитетімізде сонау сақ заманынан қалыптасқан «досқа адал, ақкөңіл, шыншыл, уәдеге берік» деп Герадот сипаттаған қасиеттерімізді қайта қалпына келтіру.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Дінтану мамандығының 3-курс студенті

 Елболған Бахтияр

Жетекші: Аға оқытушы,

PhD Мұқан Нұрзат

www.kaznu.kz