Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – болашақтың бастауы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – болашақтың бастауы
жеке
блог

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан Республикасындағы үздік жоғары оқу орындарының бірі. 1934 жылдың 15 қаңтарында іргетасы қаланған университет – қазіргі таңда 180 сала бойынша мамандар даярлайды. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады. М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Балақаев сияқты ұлы тұлғалар негізін қалаған «Филология және әлем тілдері»  факультетінің тарихы тереңнен бастау алады. Алғаш қаланғаннан қазіргі күнге дейін қаншама түлектер білім алып, елімізді көркейтуге ат салысып жүр. Факультет жылдан-жылға толығып, дамып келеді. Студенттерге университеттің беретін мүмкіндіктері қаншама: ел ішінде немесе шет елдерге академиялық мобильділік, ғылыми-конференциялар, өндірістік іс-тәжірибелер және т.б. Факультетте заман талабына сай халықаралық байланыс жақсы жолға қойылған. Америка, Канада, Голландия, Ресей , Испания, Франция, Түркия сияқты әр-түрлі елдерден келген мұғалімдер студенттер мен магистранттарға сабақ беруде.

   Соның ішінде «Шет тілі: екі шетел тілі» мамандығы орта және жоғары білім беру саласында ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес бәсекеге қабілетті әрі жоғары білікті әдіскер–зерттеушілер мен көшбасшыларды даярлайды. Білім алу барысында магистранттар кәсіби құзыреттілігін қалыптастырып, жалпы ғылыми және арнайы білімді меңгереді. Магистрант оқу үдерісін әкімшілік басқару, трансформациялау мен талдау тәрізді кәсіби қызметке қажет қабілеттерді дамытып, білікті маманға тиісті іскерлік пен дағдыларға ие болады. Факультет магистранттарға  әлемнің озық елдерінде тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Қазіргі орын алған жағдайға қарамастан, универститет озық технология мен білім беру методикаларын ұштастыра отыра сапалы оқытуды жалғастыруда.  ҚазҰУ педагогтары жан-жақты білікті де білімді магистранттарды даярлау үшін талмай еңбек етуде. Толыққанды білім алуға бар жағдай жасалған. Оқу үдерісіне қажетті кітаптар, видеороликтар мен жазбалар әрдайым қол жетімді. Сонымен қоса, магисттаранттардың біліктілігін жетілдіру мақсатында бірінші жылдан бастап оларды оқу процесіне аралстырып, педагогикалық практикадан өткізеді. Білікті мамандар даярлап шығару үшін оқытушылар мен методисттер кері байланыс жасап, өз тәжірибелерімен бөліседі. Университет ұжымы сапалы мамандар дайындап шығару үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануда.

    Осындай білім ордасында оқу – әрбір түлектің арманы. ҚазҰУ барша студентке сапалы білім, естен кетпес студенттік өмір, керемет мүмкіндіктер сыйлайды.

Мукышова Дана Мейрамбеккызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

Душаева Кәмила Мұратқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы