9-мамыр Жеңіс күні

9-мамыр  Жеңіс күні
жеке
блог

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде жазасын өтеуші сотталағандар арасында 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9-мамыр Ұлы Отан Соғысының Жеңіс күні мерекесіне орай мәдени және спорттық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның ашылуы ГМ-172/10 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Есбулат Ағлепесұлының құттықтау сөзімен басталды.

Шаруашылық жасағында жазасын өтеуші сотталған Б.Донбаев мерекелік іс-шараны жүргізді. 9-мамыр  Ұлы  Жеңіске 76 жыл толу мерекесі туралы  бейнеролигі көрсетілді.

Іс-шарада шаруашылық және оқшауланған аймақтағы жазасын өтеушілер сотталған А.Тұрлыбаев, К.Сартов, Э.Узбеков, Ж.Ажмамбетов, А.Канашев, 9-мамыр Жеңіс күні мерекесі туралы өлең шумақтары айтылды.

Шаруашылық жасағындағы жазасын өтеуші соттлғандар Е.Абдурахмонов, А.Абдимуратов, Ж.Байтурова «Соғыстан оралған ардагерден сұхбат алу» атты сахналық көрініс қойды. Сонымен қатар видео-проектор арқылы экранда викториналық  сұрақ ойындары ұйымдастырылды.

2021 жылдың мамырдың 9-шы жұлдызында спорттық іс-шара өткізілді.

Спорттық іс-шарада жазасын өтеушілер, яғни «Каспий», «Досан Батыр»  атты  2 топқа бөлініп жарысты. Жарыс эстафета,  шахмат, гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тартыс, қаппен және скакалкамен секіру ойындары ұйымдастырылды. Жарыста жүлделі орын алған командалар марапатталды.

 Іс-шараның мақсаты жазасын өтеушілерді отан сүйгіштікке баулу.