Онлайн, әлде офлайн?

Онлайн, әлде офлайн?
жеке
блог

"Интернеттегі білім беру жүйесінің болашақ мамандардың кәсіби сапаларына әсері"

Білім – кез келген елдің болашағының негізі. COVID-19 біздің өміріміздің көптеген салаларын өзгертті, олардың бірі білім саласы. Пандемияның салдарынан қашықтықтан білім беру айтарлықтай қажеттілікке айналды. Дүниежүзінде 1,5 миллиардтан астам оқушы немесе олардың жалпы санының 91,3%, өткен жылдың сәуір айының басында, COVID-19 басталған кезде мектептердің жабылуының әсерінен тікелей онлайн форматқа көшірілген болатын. 

Жапонияда 2020 жылғы 15-17 сәуір аралығында, жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында жүргізілген сауалнама бойынша, мектеп карантині кезінде қашықтықтан сабақтарды: жоғары мектептердің тек 14% - ы және университеттердің 46% - ы ғана жүргізгенін көрсетті. Сонымен қатар карантин кезіндегі психикалық жағдай туралы сұрақтарға жауаптарда, жоғары сынып оқушылары компьютерлік ойындарға, әлеуметтік желілерде сөйлесуге көбірек уақыт жұмсай бастағанын, оқудың артта қалуының пайда болғанын атап өтті. Ал студенттердің көпшілігі қазіргі жағдайда сатып алу оңай емес, компьютерлері болмағандықтан, смартфондарды пайдалануға мәжбүр екенін айтты.

Интернеттегі сабақтарда туындайтын проблемалардың ішінде негізгілері: сабақ кезінде бір платформадан екінші платформаға ауысуға мәжбүр ететін нашар байланыс; материалға шектеулі қол жетімділік; практикалық компоненті бар пәндер бойынша онлайн сабақтарды өткізу мүмкін еместігі; оқушының оқуға деген ынтасының болмауы және жалпы босаңсыған атмосфера көрсетілген. Оқу орындарының қашықтықтан білім беруді енгізуден бас тарту себептері ретінде барлық отбасыларда онлайн сабақтар үшін тең жағдай жасаудың мүмкін еместігі, мұғалімдердің онлайн-сабақтарды дайындау мен өткізуде жеткіліксіз дағдылары, мемлекеттің кей аудандарында байланыстың нашар болуы немесе тіпті болмауы, қашықтықтан түсіндірілетін материалды қабылдамайтын балалардың үлкен пайызы болып табылады.

Осы орын алған проблеманы жою мақсатында бірнеше ұсыныс білдіргім келіп отыр. Ең алдымен, ауыл арасындағы байланысты жақсарту, шалғай аудандарға байланыс, жарық желісін орнату. Екінші, сабак өту үрдісін өзгерту, сабакты оқушыларға барынша қызықты, әрі жеңіл түрде өткізу қажет деп санаймын. Оған қоса, бірнеше жыл бұрын  Білім Министрлігі әр оқушыны жеке компьютермен немесе оқу планшетімен қамтамасыз етуді қарастыратын Giga School жобасын іске қосқан болатын. Осыған орай ведомство бастауыш мектептер үшін онлайн-орта құруды жоспарлап отыр, онда мұғалімдер тапсырмалар беріп, сұрақтар қойып қана қоймай, оқушылардың жұмысын да бағалай алады. Үшінші кезекте, білім алушылардың оқу сапасының төмендемеуі үшін, мұғалімдердің онлайн сабақ өтуіне жаңа дағдылар енгізу қажет деп санаймын.