Менің университетім

Менің университетім
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстандағы  жетекші университеттердің бірі.Тек Қазақстандық емес xалықаралық беделі бар, әлемнің 250 үздік университеттернің қатарында. Осындай жоғарғы оқу орында оқу маған бұйырды.Менің мектеп кезіндегі мақсатым осы университетке түсу  болды және осы алға қойған мақсатым жүзеге асты.ҚазҰУ-да түрлі факультеттер мен мамандықтар бар мен солардың ішінен шығыстану факультетінің шет тілі филологиясы:қытай тілің таңдадым.Мен бұл университетті таңдадым, өйткені мен мұнда лайықты білім алатынымды білемін.Себебі мұнда мен үшін өзін-өзі жүзеге асырудың және өзін-өзі дамытудың көптеген мүмкіндіктері бар.  Мен шетел филологиясы: қытай тілінде оқимын. Кафедрада өте мықты оқытушылар құрамы бар!  Мен бұл адамдардың өз істерінің мамандары ретінде білемін! Менің университетімде мен тек ақыл-ойымды ғана емес, ішкі жан дүниемді де дамытуға мүмкіндік аламын. Мұнда керемет кітапхана бар, оның арқасында дүкендерді аралап, осы немесе басқа кітаптарды іздестірудің қажеті жоқ.

Бізге әртүрлі тапсырмалар жүктелгенімен.  Мұнда оқу қиын, бірақ өте қызықты болып келеді.

 


                               ҚазҰУ университеті

                            Шығыстану факультеті

                            Қытайтану кафедрасы

                         Студенті Ракышова Дана

                      Оқытушысы Шарыпқазы Н.