Мен ҚазҰУыммен мақтанамын!

Мен ҚазҰУыммен мақтанамын!
жеке
блог

Мен Әл-Фараби атындағы атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультетінде оқимын.  Мен дәл осы  армандаған мамандығыма түскім келді, және мен болашақта өз өмірімді байланыстыруды жоспарлаған болатынмын.Мінекей қазіргі таңда 3 курсты тәмәмдап жатырмын

 Менің университетім еліміздегі негізгі жоғары оқу орны және әлемдегі ең ірі университеттердің қатарына кірген болатын.  Бүгінде онда әр елден жиырма мыңнан астам студент білім алуда, мен олардың қатарында болу бақытына ие болғаныма қуаныштымын.

1934 жылы еліміздің ең алдыңғы қатарлы университеті, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланды. Бүгінгі күні университетімізде 20 000-ға жуық студент білім алады. Он үш факультеттен тұратын университетте үш мыңға жуық профессор-оқытушылар құрамы студенттерге білім беріп келеді. 

Қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр. 

Мен өзімді еліміздегі ең ірі және беделді университеттердің бірінде оқып жатқанымды сеземін бе?  Әрине, иә!  Мұнда бірінші рет келгенімде мен қалада бірнеше ғимараттары мен зертханалары бар бұл мекеменің ауқымдылығына таң қалдым.

 Кейінірек, қыркүйек айында сабаққа келгенде мен өзімді жаңа әлемде тапқандай болдым. 

Біздің университетте сонымен бірге көптеген ғылыми кітаптармен қатар, көркем шығармалардан тұратын бай кітапхана бар.  Сондықтан, сессия барысында бізде ешқашан әдебиет іздеуде қиындықтар болмайды.

 Мен  Әл-Фараби атындағы атындағы ҚазҰУ  студенті болғаныма өте мақтанамын. 
Жетекшісі: Шарыпқазы Нүртәліп