Оқырмандары сағынған болар....

Оқырмандары сағынған болар....
жеке
блог

Журнал қашанда халықтың “көрер көзі, естір құлағы, айтар сөзі”. Ал дәл осындай бір көрерменің ерекше ықласына ие болып,халық қалауынан шыққан журналдардың бір "Арай" журналы туралы маған үлкен тапсырма берілді,сол туралы сөз қозғайтын боламыз.

 

Міне, басылымның тарихы былай бастау алған екен. 1987 жылы Колбиннің кезінде жастардың үнін жақтап, олармен бір болатын басылым керектігі сөз болады. Сонымен 1987 жылдың ақпан айында журнал шығаруға рұқсат алған журнал ұйымдастырушылары. Сол жылдың маусым айынан бастап, екі тілде “Арай” жөне “Заря” журналдары шыға бастайды.

 

Журналдың алғашқы редакторы Әшірбек Көпішев болды. Алғашқы сандарынан кейін-ақ журнал көпшілік көңілінен шығып, оны іздеушілер саны арта береді. Нөтижесіңде журналдың тиражы 34000-ға жетеді. “Арай” санының көп өсуіне 1986 жылғы оқиғадан кейін бой көтерген жариялылықтың алғашқы нышандары ерекше өсер етсе керек. Әсіресе, жастар жайында көп жазылатындықтан, жас оқырмандардан сұраныс тым мол болады. Оның үстіне, шындықты бұлжытпай жазуды журнал қызметкерлері басты мақсат деп, негізгі бағыт қып ұстаған. Тағы бір ерекшелік — ақпараттың молдығы. Ақпарат көп болған соң, оқырманға да ой салатын нөрсе көбейеді емес пе? “1001 пікір” ашық өңгіме алаңы”, “Қызға қырық үйден тыйым”, “Ақ шымылдық”, “Дәстүр”, “Айналайын” айдарлары “Арайдың” өр санында беріліп тұрған. Әр айдарға қызықты хаттар көп келіп, олар жарияланып тұрды. Әсіресе, “Айналайын” — 14 пен 16 жастың арасындағылардың айдары үлкен ықыласқа ие болды. Редакция қызметкерлері жауап жазып үлгере алмастай болды. Мұны тіпті жастардың кішкентай сырласу отауы десе де болғандай. Журнал қызметкерлерінің ақыл-кеңестері, оқырман сұрақтарына жауаптары дөйекті беріліп тұрады.

 

1995 жылдың сәуірінен бастап журнал редакторы Асқанбай Ерғожаев болды. Редакцияға хат жиі келеді. Бұл халық “Арайға” сенеді деген сөз. Бұл — халық пен журнал арасында үлкен байланыс бар деген сөз. Көптеген сырға толы саналуан хаттар редакцияда жамырай тоғысып, жағалай сыр шертісіп жатқанда, ешқандай адам “Арай” журналының қазіргі халін мүшкіл қазіргі халі нашар деп айтпаған болар еді.

 

“Айналайын ” , “Ақшымылдық ”айдарымен берілетін хаттар легі көпшілікті қатты қызықтыратын болса керек. Бұл айдардың мақсаты: оқырманмен ой бөлісу, пікірталас туғызу әрі көңілде түйткілі бар адамдарға көмек беру, демеу. Көптеген өзекті мақалалар да жарық көрген солардың бірі Талғат Айтбайұлының “Тіл тағдыры тартысқа түскенде” деген мақаласы жарияланған. Онда: “Қазақ тілінің жаулары жетеді. Ол жаулар өздерін зиялымыз деп жүргеңдер. Мүмкін, шотқа салғаңдай санап шығуға болар. Өйткені, олар миллиоңдар емес! Олар — орайлы сөтті оңтайлы пайдаланып, қарақан басының қамын қасиетті қазақ тілінен қастерлі көрген қауым ғана”, — дейді автор. Осы аз сөздің өзі журнал жазған толғаныстарының бөрінің түйіні болса керек деген үлкен ақпаратты көзім шалып калды.Талайды тамсандырған журналдың, кандай қиыншылыкпен жабылғаны туралы аса катты мәліметтер таба алмадым.Бірақ талайды тамсандырып өз жолын салып кеткен бұл журналды окырмандары қатты сағынғанын білемін.