Өмірге үміт сыйла

Өмірге үміт сыйла
жеке
блог

Қасиетті Рамазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Өмірге үміт сыйла" республикалық акциясы аясында Алматы қаласы, "Қалқаман-2" мешітінің бас имамы Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлының ұйымдастыруымен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы, "8D02203 - Дінтан" мамандығының 1-курс докторанты Байжума Самет "Айналаңды нұрландыр" ізгілік жобасы аясында "Мың алғыс, ақ желеңді абзал жанға!" атты іс-шара өтті. Шара барысында Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында, пандемия уақытында адам өміріне араша болып, аянбай еңбек етіп жүрген 350 медицина қызметкеріне ыстық түскі ас үлестіріліп, құрмет көрсетілді. Қасиетті Рамазан айында осы игі шараға себепші болған жандарға барлық жақсылық болсын!