ҚазҰУ – мүмкіндіктер мекені
жеке
блог

ҚазҰУ – мүмкіндіктер мекені

   Қара шаңырағымыз, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 1934 жылдан бастап еліміздегі алдыңғы қатарлы, білімі жоғары университеттер қатарынан түспеуде. Қазіргі таңда, университетімізде 16 факультет және 25000-нан астам студент, магистрант және докторанттар бар. Он үш мыңнан астам факультет профессор және оқытушылар студенттермен білім нәрімен сусындап келеді.

   Осы 16 факультеттің ішіндегі ең жаныма жақыны, ең ыстығы және мен үшін ең кереметі – Шығыстану факультеті. Факультетіміздің деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлынан бастап, Шәріпқазы Нұртәліп кураторыма дейін білімді және өз ісінің мамандары. Мен, Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасы, Шетел филологиясы: қытай тілі мамандығының 3 курс студентімін. Осы 3 жылда университет пен факультеттен аларым өте көп болды. Өз қатарластарыммен бірге дамып, солармен бірге білім алып жүргенімнің өзі бір ғанибет. Әні – міні дегенше 3 жылым судай сырғап өте берді. Уақытымды құр өткізбей, қытай тілін меңгеріп, іс-шараларға қатысып, атақты адамдармен танысып, профессорларымыздан дәріс алып келдім. Сонымен қатар, факультетіміз көптеген білімді де білікті мамандарды даярлап шығарды. Солардың ішінде қазіргі таңда шетелдік елші, консул болып отқандары да бар. Шығыстану факультеті – әр студенттің бойында ашылмай жатқан дарынын ашатын, шығармашылығын биікке көтеретін, білімін жетілдіретін қара шаңырағымыз. Қазіргі таңда, біздің факультет Қазақстандағы Шығыс тілдерін үйретудегі алда келе жатқан факультеттердің бірі. Сондықтан, ҚазҰУ-ды және Шығыстану факультетін таңдағаныма  еш өкінбеймін. Ормандар орындалады ҚазҰУ-мен бірге!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Шығыстану факультеті

Жетекшісі: Шәріпқазы Нұртәліп

Мәлік Айдана