Қазақ Ұлттық Университеті

Қазақ Ұлттық Университеті
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық дәрежеде кезекті сатыға көтеріліп, Орталық Азия аймағы мен Қазақстан жоғары оқу орындары арасында алғашқы болып әлемнің 250 үздік университеті қатарына енді.

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тәуелсіз еліміздің жоғарғы оқу орындарының арасында шоқтығы биік, қашанда дара тұратын білім ордасы. Бұл мәртебеге қол жеткізу оңай болған жоқ. Аталған оқу орны мәртебелі жетістіктерге құрылған күннен бүгінгі уақытқа дейінгі ғасырға жуық 80 жылда, қалыптасу мен дамудың, бірнеше буын өкілдерінің, университет басшыларының, жалпы оқытушы-профессорлар құрамының қажырлы еңбегінің нәтижесінде жетіпотыр. 

    Қазіргі кезде ҚазҰУ-інде 15 факультет қызмет атқарады. Әрқайсысында жоғарғы дәрежедегі мамандырылған оқытушылар мен профессорлер білім беруде.Әр факультеттің өзіндік орны мен тарихы бар,бірі екіншісінің орнын баса алмайды және факультеттердің түлеп шыққан түлектері еліміздің әр саласында, оған қоса, шетелдерде қайталанбас маман иелері болып қызмет атқарады.Сонымен қатар негізгі факультеттерден басқа дайындық факультетінде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған шетел азаматтары мемлекеттік тіліміз қазақ тілін уйрену үстінде.Олардың араларында Ауған азаматтары,қытайлар,корейлер,түріктер және шетелдерде тұратын өзіміздің қандас бауырларымыз, яғни қазақтар да бар.Осының есебінен біз студенттер шетел азаматтарымен танысып,басқа елдердің мәдениетін танып біліп оларға өзіміздің елімізді танытамыз.Шығыс тілдерін уйреніп жүрген біздерге бұл керемет тәжірибе деуге болады.Себебі олар бізге,біз оларға көмек көрсетеміз.Бұл жайт ҚазҰУ-ның керемет мүмкіндіктерінің бірі болып есептеледі.

   Ал өзіміздің, яғни, шығыстану факультетіне келер болсақ, факультетіміздің студенттерге деген ықыласы ерекше. Студенттер үшін көп мүмкіндіктер қарастырылып, жан-жақты жағдайлар жасалған. Факультетіміздің әлемнің басқа университеттерімен байланысы өте жақсы дамыған.Факультет оқытушылары мен студенттері тілдік және ғылыми практикадан өтетін университеттер Үндістанда,Қытайда,Кореяда бар. Осының арқасында студенттер өз білімдерін шыңдап, тәжірибелерден өтіп, айтарлықтай нәтиже көрсетіп жүр.

  Университетіміздің сондай-ақ студенттік өмірге деген қосар үлесі толассыз. Университетімізде әр түрлі қоғамдық ұйымдар қызмет атқарады. Мысалы:“Студенттер сенаты”,“Сұңқар” ұйымы,“Көмек” ұйымы т.б.. Бұл ұйымдар университет қабырғасында әртүрлі іс-шараларға басшылық етіп, көптеген жобалар жүргізеді. Бұл ұйымдар студенттердің қоғамдық өмірге етене арласып, дамуына деген сатылардың бірі және бірегейі. 

 

  Оқу жылы ішінде университетіміздің ішінде әр түрлі сайыстар және кештер өтеді.Олардың ішіндегі ең бастылары ол:“Ана тілі аруы” мен “Жігіт сұлтаны”.Бұл сайыстар республикалық деңгейдегі сайыстар болып табылады.Жалпы айтатын болсақ,ҚазҰУ студенттерінің өмірі қызыққа толы да әсерлі.Әр студенттің жадында қалар мәңгі естеліктер десек қателеспейміз. 

   Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – білім мен бәсекенің, жарқын болашақтың бастауы!  ҚазҰУ- біздің мақтанышымыз!

 

 

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ

Шығыстану факультеті

Қытайтану кафедрасы 3-курс студенті Шеризатова Аружан

Жетекшісі: Шәріпқазы Нұртәліп