Бүгінгі «Жұлдыз» журналының мазмұндық, тақырыптық ерекшелігі

Бүгінгі «Жұлдыз» журналының мазмұндық, тақырыптық ерекшелігі
жеке
блог

Қазақтың төл баспа ісі- бұрыннан бері қалыптасқан қызмет саласы. Оның бастауы Алаш қызметкерлерінің негіз қалауынан басталады. Қазақтың көзі ашық азаматтары топтасып, елі мен жерінің қорғанына айналу және жас қазақ баласының көкірегіне сәуле құю үшін газет ашып, баспа ісін жандандыру үшін ұлттың саяси көсемі Әлихан Бөкейханның тікелей басшылығымен Aхмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетін шығарды. Осылайша елге қызымет етеміз деген алғаш қадамдарымен қазақ баспа ісі дүниеге келді.

ХІХ ғасырда басты мәселелердің бірі сауатсыздықтан айырылып, ел қатарына қосылу болса, ал қазіргі уақытта баспагерлер бізді қызықтыратын және соңғы оқиғалар туралы хабардар ететін кітаптар, газеттер мен журналдарды шығаруды жалғастыруда. Солардың ең үздігі «Жұлдыз» журналы. Алғашқы редакторы қазақтың біртуар ақыны Сәкен Сейфулин болған. Журналдың сапалығы мен көркемдігін жалғастырған қазақ әдебиет классиктері Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов көп еңбек сіңірген.

«Жұлдыз» журналы қазақ публицистикасының бастауында тұpған «Шолпан», «Таң» журналдарының ізбасaры. Әр жылдары «Жаңа әдебиет», «Жыл құсы», «Әдебиет майданы», «Майдан», «Әдебиет және искуство» деген атаулармен шығып тұрған. Бір ғасырға жуық уақыттан бері өзіндік тарихы бар журнал әлі күнге дейін жалғасын табуда. Қазіргі таңда оның редакторы - ақын Ғ.Жайлыбай. ХІХ ғасырда «Жұлдыз» журналы көптеген ақын-жазушылардың шығармашылық өміріне қадам жасауына көмектескен. Яғни қаламгерлеріміз осы газеттің қолдауымен халыққа танылып, еңбектері жарияланып отырған. Мысалы, Сәкен Сейфулиннің “Тар жол тайғақ кешу” романы, Мұхтар Әуезовтің “Абай” романының бірсыпыра тараулары, Ғабиден Мұстафиннің “Миллионер”, Ғабит Мүсіреповтің “Аманкелді”, Сәбит Мұқановтың “Сырдария” романы мен “Сұлушаш” поэмасы осы журнал беттерінде жарық көрген.

Ал қазіргі уақытта «Жұлдыз» журналы қандай туындыларды жариялап жүр?  Олай болса бір неше мақалалар мен өлең шумақтарына көз жүгіртсек...

 

Қыздың тасасына тығылған батырлар (2 ақпан 2005 жыл)

Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ

Бұл мақала журналдың «хат-хабар, ой-толғам» атты айдарында жазылған арнау мақаласы болып табылады. Осы мақаланы оқи отырып өзімнің болашақ мамандығымды басқа қырынан көрдім. Журналист болу күрделі екені бәрімізге айқын, бірақ бұл мақаланы оқысаңыз оның журналисттер арасындағы бәсекелестік, қақтығыс, келіспеушілік сынды мысалдармен таныс боласыз. Автордың өзінің әріптесіне деген реніші мен ойы анық жазылған. Мақала Жұлдыз Әбділдә журналист апайымызға не бір жауап ретінде қағаз бетіне шығарылған екен. Қателікті кім жасамайды? Бірақ бәрі оны түзетуге тырысады ма? Автордың айтпақ болғаны осы. Журналисттер бірін-бірі сыйлап, құрметтеп, біріне-бірі сыпайлық танытса осындай жағдай болмастығын дәріптейді. Менің бір байқаным осындай ой-пікірлер кейде сын сынау үшін ғана жазылған. Белгілі бір шығармадан алдымен жақсылықты емес, кемшілікті іздеуді жөн көрген. Мүмкін онысы да дұрыс шығар. Себебі, бәсекелестік бар жерде талпыныс та қатар жүреді деген түйінге келдім.

*****

Жалпы Абай данамызды білмейтін қазағым жоқ шығар. «Жұлдыз» журналы да қалыспай Абай атамыздың 175 жылдығына арнаған бөлек айдары бар екен. Шыны керек қатты риза болдым. Себебі, кейінгі ұрпақтың бір туар ақын-жазушымен таныс болуы өте маңызды. Сонымен қатар оның еңбектерін біліп, қара сөздерін оқу әр қазаққа қажет.

 

Абай лебі, Абай  үні, Абай тынысы-заман тынысы, халық үні.

Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жанғырып, жаңа өріс алып тұр

(М. Әуезов)

 

Ғақлия — бірінші сөз (6 ақпан 2020 жыл)

Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде қоғамға қажетті сан алуан мәселелер қозғайды. Оның айтқан өсиеттері мен қара сөздері әлі күнге дейін маңыздылығын жоғалтпаған. «Жұлдыз» журналында басылып шыққан Абайдың еңбектері оқырмандардың да қолдарына жетіп отыр. Абай философиясының жалпы концепциясы адам болу. Өзінің халқының қиын кезеңінде азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. 

Абай Құнанбаевтің бұл қара сөзінде адам өмірінің кезеңдерін кезектеп саралап, талдаған. Адамның жасы келіп, пайдасы кеми бастаған жағдайда өзін-өзі табуға көмектеседі. Бірі ел бақса, бірі мал бағуда, бірі ғылым бақса бірі дін бағуда, бірі бала бақса, бірі сөз бағуда деген екен. Сол сияқты қартайған шақта қол үзбей, кейінгі адам өмірінің бір кезеңін өтуге көмектеседі. Бұл мақаласының түп мақсаты халқын жаманшылықтан арылтып, өз заманындағы адамдарды түзетіп, өзгерту болатын.

 

*****

Менің назарыма тағы бір түскен мақала, ендігі қазіргі Қазақстанның мәселесін талдау етіп жазған туынды.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өнегесі (6 маусым 2020жыл)

ШЕРИАЗДАН ЕЛЕУКЕНОВ

Бұл мақала журналдың «Тұлға» атты айдарында жарық көрген. Мазмұны күрделі болмағанымен, мән мағынасы меніңше назар салуға тұрарлық мақала. Автор бұл мақалада 2019 жылы мемлекет басшысы болып Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының жаңа ел бастауы болып келгені жайлы айтылған. Келместен халық ойынан шыққаны, жойқын білгір, ұшқыр ойлы ақыл иесі қасиетімен ерек көрінгені жайлы баян еткен.

Ұлы Абай Ғақлияның Отыз жетінші қара сөзінде: «Адамның адамшылығы істі қалай бастағанынан білінеді, қалайша бітіргенінен емес» дейді.  Қасым-Жомарт Тоқаев солай сынды барын алғаш келгенінен көрсеткенін баяндайды. Осылайша мақаланың мән-мазмұны менің көңілімнен шыққан болатын. Меніңше әр бір Қазақстан азаматы жаңа көшбасшымен танысу керек деп санаймын. 

Журнал бұрыннан әдеби-шығармашылық бағытта болса, қазіргі таңда саяси бағыттағы мәселелерді көптеп қозғайтын болған. Сонда да актуалдығын жоғалтпай, әлі де өмір сүруін жалғастыруда.

«Жұлдыз” журналы бүгінде республиканың әдебиеті мен мәдениетінің айнасы болып отыр. Қазақ әдебиетінің көсегесін көгертіп, алтын қорын байыта түскен іргелі шығармалардың бәрі дерлік алдымен “Жұлдызда” жарық көріп, журнал беттерінен өмірге жолдама алды. Ары алсақ С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов, Х.Есенжанов, бертіңді шолып қарасаңыз Ж.Молдағалиев, Ә.Нүрпейісов, Ә.Әлімжановтар алғашқы өлең әңгімелерінен бастап, соңғы дастан, роман эпопеяларына дейін сиясы кеппеген күйінде “Жұлдыз“ журналына ұсынып отырды.

Жыл асқан сайын «Жұлдыз» журналы жанрлық, тақырыптық ауқымы арта түсіп, көптеген жаңа тақырыптарға назар салып отыр. Журналда қазақ халқының әдебиеті даму процесінде, жаңа бейнелеу құралдарын іздеу үстінде, жаңа жанрлар мен формалардың дамуы көрініс тапқан.

«Жұлдыз» – Алаш жұртының сан ғасырлық мұратын бойына жинақтаған, таза ұлттық журнал. ХХІ ғасырға тиесілі тәуелсіз жаңа қазақ әдебиетінің бас ордасы, құтты ошағы, еліміздегі ең байырғы әдеби басылым – «Жұлдыз» журналының ұлттық руханиятымыздағы алатын орны ерекше. Жаңа Әдебиетіміздің классиктерінен бастап, жаңа талап жас таланттарымыздың үздік шығармалары «Жұлдыз» бетінде үздіксіз жарық көріп келеді. Яғни барлық жанрдағы көркем туындылар осы басылым бетінде кеңінен қамтылып, оқырман жүрегіне жол тапты. Осылайша көркем тарихы бар журнал әлі күнге дейін өзінің беделдігін жоғалтпаған. Болашақта да басылым ғұмырлы болып, шығуын тоқтатпайды деген үміттемін.