Бүгінгі “Жұлдыз” журналының мазмұндық, тақырыптық ерекшелігі

Бүгінгі “Жұлдыз” журналының мазмұндық, тақырыптық ерекшелігі
жеке
блог

Еліміздің ең байырғы бас әдеби басылым «Жұлдыз» журналы өзінің атына сай, алаш жұртының сан ғасырлық даналығы мен тарихын сіңіріп, жинақтап, әлемдік   классикамен қоса мың жылдық тарихы бар көне түркі және бүгінгі түрік тілдес әдебиеттердің шығармалары мен ақын, жазушылардың есімдері, әлдеқашан тарих беттеріне жазылған ата ұрпақ, қазіргі қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармаларын жариялап келеді.

   Бүгінгі “Жұлдыз” журналы өзінің тарихи бағытынан көшпей әлі күнге шейін де елдегі өзекті мәселелерді талдап, сонымен қатар "проза", "поэзия", "Ислам тағылымы", "әдеби мұра", "зерде", "әдебиеттану", тағы басқа бөлімдері мен айдарларында қазақ ақын-жазушыларының жаңа шығармалары, өнер туындылары, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, өнері мен әдебиетіне қатысты мақалаларды жариялап тұрады. Сонымен қоса «Жұлдыз» журналының сандарымен оқып танысқанда өткен тарихымыздың және бүгінгі тәуелсіздігіміз жайлы пайымдаған айдарлары  «Мирас», «Ата жұрт», ғасыр шығармаларына айналған талантты жазушыларымыздың «Тұлға», «Сыр сандық», жаңа бағыт, жаңа ой - өрнекпен  әдебиет есігін аттаған «Жас толқын», «Зерде» жас қаламгерлеріміздің шығармаларын байқауға болады, сонымен қатар, бүгінгі әдеби ағым жөнінде «Сөз сәулесі», «Әлем әдебиеті» көркем очерктер, «Рухани жаңғыру» тарихи тағылымы мол туындылар жинақталған. Осымен қоса журналда әлі күнге шейінде Қазақстан суретшілерінің шеберханасынан алынған суреттер жеке беттерде жарияланып тұрады.

   «Жұлдыз» журналына биыл 93-жыл. Бұл басылым байырғы уақыттан бері  дәстүрі қалыптасқан, өзінің бай мазмұнымен мен тарихы бар, әрбір дәуірдің талабына сай, уақытынан қалмай үлкен мәңі бар басылым.Қазіргі таңда журналда көрнекті қаламгердің әңгіме - хикаяттары, қазіргі ең танымал фантастикалық, детективтік шығармалардың таңдаулы үлгілері, түрік халықтарының әдебиетінен белгілі шығармалар, діни ислам дәрістері, пайғамбарлар мен әулие - әмбиелердің өміріне қатысты ғибраты мол аңыз әфсаналар, ұлы адамдардың өмірбаяны мен табиғат құбылыстарының тылсымы мен ерекшеліктері туралы қызықты хикаялар, ғылым мен техника жайлы танымдық материалдарды оқырмандар «Жұлдыз» журналынан кездестіре алады.