Қазақ жазуының қалыптасуы һәм болашағы..

Қазақ жазуының қалыптасуы һәм  болашағы..
жеке
блог

Жазу-ойдың шегені іспеттес. Ғылым мен техника һәм технология қаншалықты дамысын, компьютер, телефон, интернет, планшет қаншама жетілсін, бәрібір жазусыз ой жетістігі бекімейді. Шешім, бұйрық, қаулы, келісім барша ой-пікір, бәрі-бәрі тек сөзбен ғана түйінделеді. Қазіргі заманда хатқа түспейінше ешбір мәміленің заңдық тұрғыдан күшіжоқ. Кепіл-заңды түрде хатталып, мөрленген құжат. Оқулықтар, заңдар, ғылыми еңбектер, ресми құжаттар, әдебиет-бәрі бәрі жазумен хатталады. Адамдар қарым-қатынасында сөзді ештеңемен ауыстыру мүмкін еместігі тәрізді, жазуды да ештеңе ауыстыра алмайды. Сөз бен жазу-адамның адамдық болмысы,басқа тіршілік иелерінен адамдық ерекшелігі, адамдық сана жетістігі.

Жазу-білімнің кілті де, құлпы да, сандығы һәм базары да. Кілті-сауаттану, құлпы-білімдену,  сандығы-кемелдену, базары-сол жиған білімді кәдеге жарату деп білемін. Кәдеге жарату-баспайдадан бастап, ұлт һәм иісі адамзат баласының мүддесіне қызмет еткізу. Әбу Нәсір де, Шоқан, Ыбырай да, Абай да, Ахмет те, Мұхтар да, Қаныш та білімнің кілтін тауып, құлпын ашып, сандықтап жинап, базарлай білген ұлы тұлғалар қауымы. Бұлар-ел атын алысқа жайып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасар асыл мұралар қалдырған ұлт мақтандары. Соның бәрі бізге жазумен жетіп, жазумен мұра болып сақталып, жазумен тұтынылуда.

Қазақ жазуы оңайлықпен қалыптасқан жоқ. Мұнда талай тұлғалардың көзмайы мен көзжасы, талайдың тағдыры, талайдың құрбандығы бар. Сол жандардың еңбектерінің арқасында осындай кемелділікке жеткен әліпбиді жұлмаламау керек деп ойлаймын. Жазу мәдениеті жеткен биігінен кері шегінбеуі, шегіндірілмегені абзал. Бұл орыс жазуы емес, барша жұртқа ортақ бір тектен дамып, жетілген жазудың қазақ тілді нұсқасы. Тілімізді дәріптеп, қастерлей білейік!

Қазақ әлдеқашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, әр дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету..
—   Ахмет Байтұрсынұлы