Ақылы жоқ адаммен араласқанша, жақсы кітап оқыған мың артық.

Ақылы жоқ адаммен араласқанша, жақсы кітап оқыған мың артық.
жеке
блог

Оқырмандар қауымына, атаулы мәнге ие кітапты ұсынғым келіп отыр. Басым көпшілік, бұл кітапты саралай оқып шықса, ал кейбір жандар хабардар болмауы әбден мүмкін..

«Бай әке, кедей әке»(Богатый папа, бедный папа) кітабының авторы-Роберт Кийсаки. Аталмыш кітап кез-келген жастағы адамдарға арналған, әрі барлық уақытта сұранысқа ие болып келеді. Кітап авторы өзінің өте білімді, бірақ кедей болған әкесінің әдеттері жөнінде сөз етеді. Роберт Тору Кийосаки кәсіпкер, инвестор, жазушы, мұғалім болып қызмет атқарған. Ол 26 миллион данамен тараған он бес шақты кітаптың авторы. 47 жасында «Бай әке, кедей әке» бестселлерін жазып аяқтады.

Бұл бестселлер қазіргі перспективалық жастардың сүйікті кітабына айналды десем,артық айтпағандық болар. Кийосаки аталмыш еңбегінде болып жатқан әлеуметтік тұрмыстың қиыншылықтарын дөп басып айтып, тығырықтан шығудың жолын іздестіріп, оған деген өз ой-пікірін айтады. Кітапта акция, облигация сияқты қаржы мәселесіне қатысты терминдерді қарапайым түрде мысалмен түсіндіреді. Өзінің әкесін «Кедей әке» деп атап, жақын досының әкесін «Бай әке» деп салыстыра әңгімелейді. Екі әкесі де Робертке өздерінің ақыл-кеңестерін береді. Бірақ Роберт Бай әкесінің ақылымен жүріп миллионер атануға тырысады. Әрине кітапта негізінен АҚШ-тағы экономикалық жағдайлар:салық жайлы, банктік төлем, кредиттік карточкалар т.б. әңгімелер өрбейді.

Бұл жайттар қазіргі қазақ қоғамына да тән болғандықтан аталған кітапты міндетті түрде оқуға кеңес беремін!

Бұрынғылар оқитын кітап таппай қиналушы еді; қазіргілер кітап таңдай алмай дал болуда. Шынайы еңбек үшін аса зейінді болмақ керек.
Джон Леббок