Елжандылық қайдан шығады?

Елжандылық қайдан шығады?
жеке
блог

ХХ ғасыр басында Ж. Аймауытов :Бұл жол керуен таңдамайтын кең жол, терең, өткелді, тасты, тамырлы қиын жол. Қажымас ер, арымас көлік, таусылмас азық керек қылатын ұзақ та ауыр жол деп ел жолын, тәуелсіздік жолын айтқан еді. Өз бағын ел бағымен байланыстыра алушылық, өз бақытын ел бақытымен қатар елестете алушылық. Міне, бұл ғасырлар бойындағы құндылығын жоймаған басты идея. Біз осыны жалғастыратын ұрпақ өкілдеріміз.

  Иә, мұның бәрі әдемі сөздер емес. Қайсыбір кездерде "элита" деп атап жүрген кейбір зиялы қауым өкілдері тарихымызға, жалпы ел болашағына сенімсіздік білдіріп жатады. Мұндайда мен "еуроцентристік" бағытқа бет бұрған идея деп бағалаймын.

   Бүгінгі заман ерлігі деген не? Бүгінгі заман - жаһандануға бет бұрып, технологияның қарыштап дамыған кезеңі. Бұл дегеніміз оны үйренбей табысқа жетудің мүмкін еместігі. Біздің ең басты ерлігіміз - тәуелсіздігімізді нығайту. Ол қандай жолмен асады дейсіз ғой. Манағы айтқан басты идеяны әрбір қазақ жүрегіне егу керек. Индувалистік сана жақсы. Шынына келсек, елжандылық та содан басталады. Тек соны әрі қарай кеңейтсек, елжандылық деген сол болады. Бір жазушы атамыздың жақсы айтқан сөзі еске түсіп тұр :"Ауызбірлік, ортақ ұжым, ортақ қазан керек. Бізге бірден капиталист боп кетуге әлі ерте. Қоғамдық жүйеміз басқалардың көшірмесі болмай, жер, ел жағдайын ескеру керек". Екіншіден, оқушы жастарымыз гуманитарлық пәндерге көп мойын бұра бермей, техникалық пәндерге назар аудару қажет..Технологияның сырын білмей, оны игермей ел боламыз деу-құмға су құю. Біз" бауырларымыз, қарындастарымыз азаннан кешке шейін компьютер клубтарын ториды, мейірімсіз боп барады" дейміз, көгілдір экран толы асу - кесуге арналған кинолар дейміз. Соның бәрі де технологияны игермеушіліктен. Шынына келсек, теледидарды да, тағы басқаны да шығарып жатқан солар. Біздің талап етуіміз заңсыз, орынсыз. Оны мойындауымыз керек. Үшіншіден, бүгінгі жастардың ерлігі керек елге. Ол үшін жастар ерте есеюі қажет. Қазір жас есеюден қорқады, жауапкершіліктен денесі мұздайды. Есею - бозбала мен бойжеткен боп көше шаңын шығару яки ауызға арақ алып, темекі салу емес, ол жастықтың үлкен жауапкершілгін сезінуден басталады. Елге қызмет ету идеясы әр жастың жүрегінде бүлкілдеп тұруы тиіс. Бойын потенциалы мол ұлттық құндылықтарға малу керек.

    Сөйтіп жастарды ұлы мұраттар мен идеялар билесін. Әлі - ақ қазақ тарихы ерлік істерге толады. Әлі ақ қазақ баласы дүниежүзілік рыноктың тұтқасын ұстайтын болады. Мен бұған сенемін!