Дүниені көркемдік тұрғыдан игерудің ұлттық ерекшеліктері

Дүниені көркемдік тұрғыдан игерудің ұлттық ерекшеліктері
жеке
блог

 

 

Жанатаев Данат

Әл-Фараби атындағы ҚазҰу-дың профессоры

 

Зинелова Жібек

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты

 

Дүниені көркемдік тұрғыдан игерудің ұлттық ерекшеліктері

 

 

Бір халықтың тарих сахнасында орын алғандығын, жалпыадамзатқа қосқан үлесін, ұлт һәм этнос ретіндегі әлеуметтік мәнін сезінудің алғы шартын ұлттық сана арқылы бағдарлай аламыз. Осы арқылы бір елдің егемен, тәуелсіз өмір сүре алудағы қабілеті, өркениет пен адамзат игілігіне қосқан үлесі айқындалады. Этнос өзіне қажетті құндылықтарды игеріп, қоршаған ортамен рухани үйлесімділікте болған кезде өзіне тән мәдениет жасайды. Басқаша айтқанда, ұлттың өзіне тән көркемдік және эстетикалық өлшемдеріне тән мәдениет – ұлттық мәдениет болып саналады да, онда адамның ғалам туралы, әлем мен тарихтағы өмір сүру ортасын бағамдайтын ортақ кеңістік қалыптасады.

Қазіргі таңдағы күрделі шарттар аясында адамды тәрбиелеудің негізгі этико-эстетикалық нормалары мен адамгершілік көркем жолдарын қайта қалыптастыру қажеттілігіне байланысты көптеген құбылыстарға қайта баға беріліп отыр, ұлттық көркем мәдениетті қайта жаңғырту қажеттілігі, оны зерттеудің жаңа сапалы тәсілдемесі туындап отыр. Жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасу барысындағы ең рационалды және гуманистік жолдарды іздестіру және оларды жоғарғы идеалдарда тәрбиелеу қазіргі заман адамына рухани ықпал етудің мықты құралы ретінде адамгершілік-эстетикалық мәдениеттің дәстүрлі негіздеріне қызығушылық туындатып отыр[1.63]. Біздің бұл пікірді келтірудегі мақсатымыз, ұлттық мәдениеттің дүниені қабылдаудағы орнын көрсету. Әрбір халықтың өз алдына жеке дара құндылықтары, салт-санасы, ділі мен діні бар болса, дүниені игерудің алғышарты да осы фунциялардың қызметі арқылы жүзеге асады. Бұл жекелей бір ұлттың өкілін салсақ та, бір этносты толықтай қамтысақ та ескеретін тұсымыз.

Әлемнің жалпы сұлбасы не арқылы дамиды?  Ол түрлі жолдармен қалыптасады:  ақпараттық кеңістік арқылы, дамыған өнер жолының аймақтар мен әлеуметтік аспектілер есебінде кең тарауымен, жалпы алғанда  ортақ қабылданған ақпараттар арқылы.  Әлемнің ортақ бейнесі қалыптасқан кезде, ол этникалық топтар мен түрлі халықтардың өзіне сай мәдениетін ығыстырып, «орталық алаңда» өзі тұрады. «Әлемнің осы бейнесінің негізгі сипаттарының бірі оның әрекеттік ұстанымы; ол – мінез-құлықтың белгілі бір құндылықтық бағыттары мен үлгілерін қалыптастыруға бағытталған: адамды әлемнің белгілі бір бейнесіне ендіруге ұмтылған, бұқаралық ақпарат құралдарының ісәрекеті, негізінен жарнама жасаушылардың әрекеті құрылады» [1.65].

Осы орайда қазақ халқының дүниені танудағы ұлттық ерекшеліктеріне тоқталып өтсек. Ең алдымен барлық халықтардың мәдениетінің алғашқы белгісі фольклорлық мұралар.  Фольклор – синкретті, көпфункциялы руханият. Ол әрі танымдық, әрі эстетикалық қызмет атқарады. Ол ежелгі дүниетаным және көне мәдениеттің қайнар көзі. Фольклор – көп заманның, бірнеше дәуірдің, әр түрлі қоғамның жемісі. Фольклор мұрасында кездесетін түрлі ырымдар, ғұрыптар, діни нанымдар мен мифтер алғашқы этникалық топтардың дүниені танып-білу процесінде қалыптасқан руханият[2] –дейтін болсақ, қазақ халқының ұлт болып қалыптасу даңғылында   басты қызмет атқарғанын айтуға болады.

Халқымыздың дүниетанымы мен талғамы әсемдікті бағалауға, дүниенің көркемдігін түйсіне білуге және оны құндылық ретінде ішкі сезіммен жоғары деңгейде түйістіруге негізделгендігі  рас[1]. Себебі көшпелі мәдениет өкілдерінің өз алдына дербес дүниені қабылдау принциптері болды. Мысалы, көшпеліліктің өзі нені білдіреді? Жаз – жайлау, қыс – қыстау, күз – күзеу көшіп жүруінің мәнісі не? Біріншіден, қазақтың тұрмыстық ортасына назар салатын болсақ, негізгі байлық көзі мал шаруашылығында болды. Бұны «Малым – жанымның садағы, жаным – арымның садағасы» деген ойдан тереңірек түсінуге болады. Жалпы түркі халықтарында, мал ұғымы – қазына, байлық дегенді білдіреді. Жанын сақтаудың, арын сақтаудың жолы – қолдағы дүниені ұстай білу. Көшпенділік – ол жан мен ар-ұждан кепілі. Екіншіден, ежелден көшпелі өмір – қазақ халқының танымындағы дүниедегі уақыттың шектеулі  екендігінен хабар береді. Көшпелі салт-дәстүрдің басты көрінісі – киіз үй. Киіз үйдің барлық құрылысы өзіндік танымдық жүк көтеріп тұр.

Киіз үй жай ғана баспана емес, көк пен жердің байланысы. Шаңырақтың жартылай ашық тұруы – қажеттіліктен туған, сондай-ақ шексіз аспанмен ұштасқан ақыл-ойдың көрінісі.  «Егер киіз үйге жоғарыдан төмен қарасақ, онда шаңырақ күнге, ал уық, керегелері оның сәулелеріне ұқсас. Халық санасындағы фәни өмірден нұр жауып тұрған аспанға ұмтылу идеясы киіз үй құрылысынан өз көрінісін табады» деп пікір білдіреді зерттеушілер. Ұлттық эстетикада дүниені танудағы

Ұлттық эстетика ғалам мен адамның бірлігіне негізделген, табиғат пен қоғамдық қатынастарды тұтастай қамтитын түбірлестікке келіп ыңғайланатындығы. Мәселен, киіз үйдің ғарыштық модельді тұспалдауы – адам мен әлем қатынасының үйлесімділігін тұрмыс-тіршілікке көшіруден туған. Мұндай бағдарды толығырақ ашу үшін, жекеден жалпыға өту бойынша оның субъектіге қатысты мынадай шеңберлерін атап өтуімізге болады: 1. Ішкі рухани дүние тазалығы. Ол халқымызда «көркем мінез», «ішкі дүние сүлулығы» сияқты ұғымдардың қолданысында анық байқалады; 2. Адамның ішкі мазмұны мен формасының үйлесімділігі[3, 107].  

«Тылсымдық» концептісі де категория деңгейінде көріне алатын эстетикалық толғаныстың нәтижесінен туған шексіздік бағдары деп ұсына аламыз. Ол да космологиялық-онтологиялық деңгейден бастап, тұрмыстық дәрежеде жиі көрініс беретін құбылыс. Мысалы, «Тылсым дүние» ғарыштың баламасы болса, жаңа түскен келіннің бетінің жабық болып келу салты жұмбақтық 86 Қазақ эстетикасының құндылықтық-мағыналық негіздері арқылы тылсымдығын арттыратын градациялық құрал іспетті. Демек, тылсымдық концепт ретінде – жұмбақтық, құпиялылық, асқақтық, танылмайтындық сияқты ұғымдарды бойына жинақтайды. Мысалы, «түн тылсымы» таусылмайтындықты, шексіздікті, жасырынғандықты, үрей мен үмітті, тыныштықты т. б. қоса қамтығандығы арқылы эстетикалық сана-сезімді баурайды. Құпиялықты діни сана мен жалпы таным аясында зерделеушілер: «Бұл құпиялық мән ертедегі адам санасы үшін ғана емес, қазіргі білімді адамның да санасының негізінде жатқан ділдік негіздердің сақталуын, жалғасын, жаңа жағдайларға бейімделуін туындатады», – деп оған арнайы маңыз бере көрсетуі де [4, 170б] біздің пікірлерімізді айғақтай түседі.

Қорыта келгенде, қазақтың этнос ретіндегі дүниені тану парадигмаларын ұзағырақ толай беруге болар. Бірақ маңыздысы осы ұғымдардың мәні мен мағынасына терең бойлай білу. Қазіргідей ақпараттық кеңістік заманында қазақтың дүниені танып-білудегі этникалық құндылықтарды жоғалтпай, мәдениеттер тоғысында ұлт ретінде сақтаудың алғы шарты ретінде тануesvsp керектігі анық болып отыр. Эстетикалық-этикалық, танымдық құндылықтарымызды   әлемдік өркениет көкжиегінде қарау баршамызға міндет.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақ эстетикасының құндылықтық-мағыналық негіздері. Ұжымдық монография / Жалпы ред. басқ. З.К. Шәукенова, С.Е. Нұрмұратов. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2014. – 234 б

2. Мәдени мұра Фольклордың статусы мен теориялық негіздері. http://kazgazeta.kz/news/6155

3. XIX ғасыр әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 224 б.

4. Оспанов С. Арғытектану негіздері: тәңірлік пен жаратуштралық ілімді зерттеудің ғылыми-практикалық мәселелері. – Алматы: Арыс, 2009. – 424 б.