Жыр алыбы – Жамбыл

Жыр алыбы – Жамбыл
жеке
блог

Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Машиналық оқыту және дерек өңдеу» мамандығының 1 курс магистранттары Әбдіхалық Есен және Хабдуали Әліби педагогикалық практика нәтижесі бойынша, «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 18 – 4 тобымен бірлесе Жамбыл Жабаеватың 175 жыл мерей тойына орай «Жыр алыбы – Жамбыл » атты ашық сабақ ұйымдастырылған болатын.

Ашық сабақ  мақсаты қазіргі жас буындар арасында, студенттер арасында, Жамбыл атамыздың өмірін насихаттау және айтыс өнеріне қосқан орасан зор үлесін үлгі етіп көрсету. Ашық сабақ барасында Жамбыл Жабаевтың балалық шағы, жастық кезі, айтыстағы өнері сөзімізге арқау болды. Сонымен қатар Атырау облыстық тарихи – өлкетану мұражай басшылығының бізге көрсеткен көмегінің арқасында , студент жастарға Жамбыл Жабаевтың мұрасымен жақын танысуға, видео көрсетілімге, мүмкіндік болды. Қортындылай келе, ашық сабақтың нүктесін «Автоматтандыру және басқару мамандығының» 18-4  тобының бірлесе жасаған отан сүйгіштік қасиетті оятатын «Ленинградтық өренім» өлеңімен қортындыладық.

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты іс – шарамызға өзіндік септігін тегізген, «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 18 – 4 тобының эдвайзері Нұрмұрат Айдана Шайхысламқызы және «Жасанды интеллект және Big Data» кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Сақыпбекова Меруерт Жумабековна апайларымызға ерекше алғыс білдіреміз.