ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ   ТРЕНИНГ
жеке
блог

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

23.04.2021 жылы Маңғыстау облысы бойнша  ҚАЖД ГМ-172/10 мекемесінің арнайы контингенттер арасында оқшауланған аймақтағы сотталғандармен «Менің өмірім» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Тренингті Ақниет ақпараттық насихаттау және оңалдту орталығының психолог консултанты Мухаметова Динара Руслановна жүргізді.

Тренинг мақсаты: Сотталғандарға жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттермен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік беру. Жақсылықты сезіп білуге үйрету, олардың көңіл-күйлерін көтеріп, өмірге деген көзқарастарын кеңейту.

 

Тренинг міндеттері: Олардың өзге адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну, өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу, өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу, белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру болды.

Тренинг барысында түрлі жаттығулар орындалып, бейне роликтер көрсетілді.




Жұлдызды блогтар