Мемлекеттік әдеби - мемориалдық мұражай кешенін білесіз бе?
жеке
блог

Мемлекеттік әдеби - мемориалдық мұражай кешенін білесіз бе?

Мұражай туралы айту мақсатымыз: Қазақстанның халық жазушысы, академик, Социалистік Еңбек Ері, Ғабит Мүсірепов Махматұлы – ХХ ғасырдағы аса көрнекті сөз зергерінің бірегейі болды, оның шығармалары еліміздің және шетел оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген, ал Сәбит Мұқанов Қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері, академик — халықтың сүйіктісі, жалпыхалықтық сый мен құрметке ие болған тұлға екенін студенттерге жеткізу, көрсету, таныстыру, білімдерін жетілдіру. Қорыта айтқанда, мұражайдың ерекше құндылығы – мемориалдық пәтер-мұражайының толықтығында. Бұл өткен тарихымызбен таныстыратын орын әрі өнегелі өмірдің нағыз куәгері. Мұражай-пәтер әдеби және мемориалдық болып, екі тақырыптық бөлімге бөлінген. Мұражайдың әдеби бөлімі экспозициясында жазушының өмірі мен шығармашылық лабораториясы туралы әңгімелейтін көптеген жеке құжаттар, фотосуреттер, қолжазбалар орналасқан екен. Сәбит Мұқанов қызықты, оқиғаларға толы ғұмыр кешті, ол өз тағдырын өз қолымен жасаған бақытты адам. Ғасырдың замандасы (1900 жылы туған), кедейдің баласы өз ғұмырында жалшылықтан бастап академик және республиканың Жоғарғы кеңесінің депутатына дейінгі жолдардан өтті, осы ақпарат студенттерге өнеге болары сөзсіз.