АКЖИГИТ КАЛАМКАС ЖАМБЫЛҚЫЗЫ АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САБАҚ ӨТКІЗДІ

АКЖИГИТ КАЛАМКАС ЖАМБЫЛҚЫЗЫ АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САБАҚ ӨТКІЗДІ
жеке
блог

ЖИ және Big Data кафедрасының эдвайзері Акжигит Каламкас Автоматтандыру және басқару мамандығының 3 курс студенттерімен «100 кітап» жобасы аясында Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» атты романына арналған кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатта, әдебиет әлемінде жарық жұлдыздай жалт етіп ағып өткен қыршын жас, зор талант иесі Саттар Ерубаев өмірге сүйген жардай ғашық болғандардың бірі және талантты  жас қазақ әдебиетінде дарын даралығымен, өзіндік стиль ерекшелігімен көріне білгені жайлы, жалын жастық, баянды бақыт пен мөлдір махабатты тамылжыта жырлаған Саттар Ерубаев 23 жыл ғана ғұмыр кешіп, аз жасап, көп іс тындырып үлгерген халқымыздың аяулы перзенттерінің бірі, жаңа тұрпаттағы  тамаша мәдениетті жазушы болғаны жайлы студенттерге айтылды.