Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» тақырыбында кураторлық сабақ

Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» тақырыбында кураторлық сабақ
жеке
блог

Кураторлық сабақтың мақсаты, С. Мұқанов өмірі мен шығармашылығына тоқталу, романның сюжетін, тақырып, идеясын таныту, меңгерту. С. Мұқанов өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, шығармаларын топтастыру, үзіндінің «Өмір мектебі» романынан алынғанын таныта отырып, мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкерлері туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру; Кураторлық сабаққа студенттер өз еріктерімен айтылған тақырып бойынша тақырыпшаларды бөліп алып дайындалып келді. Кураторлық сабаққа студенттер түгелдей қатысты. Екі студент көрнекі құралдарды дайындады, екі студент презентация дайындады, Әбдіқалық Нұрбек бірінші болып шығып, кураторлық сабақты, Сәбит Мұқановтың өмірбаянын айтумен бастады. Әрі қарай Жамалов Айбек кураторлық сабақтың тақырыбы «Өмір мектебі» деп аталуына арқау болған романымен жалғастырып әкетті. Осылайша студенттер бірінен соң бірі, дайындалып келген ақпараттарымен бөлісті. Осылайша романды егжей - егжейлі талқыладық. Бұл романның тәрбиелік мәні мен жастарға деген автордың айтар ойын, әр студенттің түсінгені бойынша талқылап, ортақ қорытынды жасадық. Студенттердің дүниетанымын, сөз саптауын, көркем шығарманы қабылдауын дамыттық. Логикалық ойлауын, есте сақтауын дамыттық; Туған жер табиғатын танып - білуге баулыдық, эстетикалық талғамын арттырдық деген ойдамыз.