Ұғарсың...


....
Кей шақтары,
мұңға батып белшемнен,
0т боп жанып,
Шоқ болып та маздаппын.
Кездескенде өзіңменен кеше мен,
Сүйе тұра,сүймеймін деп алдаппын.
Жаулап алып,
Өзегімді тағы мұң,
Бағымды емес,
жалғыздықты қалаппын,
Қоштасарда өзіңменен жарығым,
Тым құрыса құшақтай да алмаппын.
Жасқаншақтық,
Ыңжықтық па ұға алмай,
Өр кеудемнен бір сезімді құлаттым.
Саған деген бар мұңымды айта алмай,
Айға ақтарып өз-өзімді жұбаттым.
Өткен күнім оралмайтын елес боп,
Жаңғырықтай жағалаудан қатты үн,
Жалғыздықты жас жаныма серік қып,
Сырласыма айналды тек- Қара Түн.
Күй кешермін жолдас қылып төзімді,
Біреу сені ұнатар,
сен біреуге ұнарсың.
...Бұл өмірде сағынатын өзіңді,
Бір байғұстың бар екенін ұғарсың!



Бөлісу: