«Журналист» газеті-жас журналистердің айнасы

«Журналист» газеті-жас журналистердің айнасы
жеке
блог

Газеттің әрбір басылымы журналистика факультетінің алынбас бірлігі мен жоғарғы және төменгі курс студенттерінің өз мамандықтарына деген ерекше махаббаттарының арқасында үзбей оқырман назарына ұсынылады.Қаламы қарымталы,сөзі кестелі талантты жастардың шығармашылығын шыңдайтын,жүрегі журналист боламын деп соққан студенттердің арманына қанат жалғайтын киелі газет.Осы бір газеттің шығуына зор үлесін қосып ,студенттерге шығармашылық шабыт сыйлай білген Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті,филология ғылымдарының кандидаты Римма Серікәліқызы.Әрбір басылымы жоғарғы деңгейде,түрлі дизайнмен өз оқырмандарына жол тартады.Ең қызығы газет дизайнын 1курс студенттері жасайды,бұл университет босағасын бүгін ғана аттаған жас таланттар үшін үлкен сенім және жауапкершілік.Бұған қарамастан газеттегі ақпараттардың тәрбиелік мәні hәм эстетикасы толық сақталған.

Газеттің әрбір беті пайдалы ақпаратқа толы.Атап айтатын болсақ:“Журналист құқығы“,“Бүгінгі баспасөз“,“Алаш арыстары“,“Өнер-өмір өрнегі“,“ҚазҰУ 85 жыл“,“Бір кем дүние...“ сынды қызықты айдарлар бар.Сөзі өткір жас журналистер түрлі мәселелерді,оның ішінде өз мамандықтарының бүгінгі жағдайы жайлы да жарыса жаза білген,одан бөлек көпке өнеге болар біртуар азаматтармен болған сырлы сұхбаттары да газет бетінен орын тапқан.Журналист болуды армандайтын әрбір жанға осы бір газетті оқуға кеңес беремін.Өйткені «Журналист» газеті сізді журналистік жолға жетелейтін дара жол іспеттес.Тарихы мен бүгінін ұштастырып,болашаққа алғашқы нық қадамдарын басып,сапалы жұмыс атқарған жас журналистерден күтер үміт көп!