Бесік жырының тәрбиелік мәні

Бесік жырының тәрбиелік мәні
жеке
блог


Қазақ әндеріндегі философиялық ой тереңдігін байқаған болсаңыз, үнемі саяси-әлеумет мәселелерімен тығыз байланысқан.

Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелілікті, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ тарихын, қоғамдық қөзкарастарын танытады.

Тұрмыс салт әндері баланың дүниеге келіп, ер жетіп, қаза болу сәтіне дейінгі елеулі кезеңдерге байланысты туындап отырған. Соның ішінде баланың өсіп жетілуіндегі айырықша тәрбиелік мәні бар ән - бесік жыры.

Бесік жырларының құрылымы қарапайым болғанымен, сазы жан тебірентер мамыражай, әрі көркем болып, жас сәбидің нерв жүйелеріне, жалпы психикасына жағымды әсер етіп, көңіл-күйін орнықтырады. Осыдан ақ “Ел болу үшін, бесігіңді түзе» нақыл сөзінің мағынасына ой жүгіртесің. Тіпті ана мен баланың ең алғашқы байланысы осы жырдан бастау алады екен.Ұлт мәселесі, ұлттық мүдде, сана, тәрбие, ар-ождан, намыс сынды бір-бірін төңіректеген ұғымдар ұлт феноменінің негізгі құрамдасы. Тәрбиеге аса көңіл бөлетін шығыс халқы «Тәрбие – адамгершіліктің шынайы көрінісі» деп бекер айтпаған. Бұл орайда, ұлттық рухты бойға дарытатын ұлттық тәрбиенің жөні бөлек екені бесенеден белгілі жәйт.

Ұлтымыздың төл тәрбиесі- бесіктен бастау алатыны мәлім. Бесік тәрбиесінің, әсіресе, бесік жырының ұрпақ санасын ұлттық рухпен дамытуда тигізер пайдасы өте зор. Бірақ, ұлттық құндылықтың кейбір тұстарына батыстың, жымысқы саясатының жезтырнағы батып бара жатқан тәрізді.

Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ.Сәби жүрегіне алғашқы рухани нәр ең алдымен осы әлди жырымен сіңеді. Аты айтып тұрғандай-ақ бұл жырдың негізінен, баланың бесікте жатқан кезінде орындалатыны белгілі. Бесік жырының мазмұндық құрамын іштей жіктеу жөнінде де ғалымдар түрлі толғамдар айтады.