Жастар орынсыз күлкіге үйірсек

Дүниеге адам болып келген соң кім пендешілік жасамайды, кімнің тәтті тағам жеп, қымбат киім киіп, шіреніп жүргісі келмейді дейсің. Әрине, адам  өмірден, бұл қу жалғаннан өзіне керектінің барлығын алуы да  шын шығар, бірақ біздер сол өзімізге керектіні алып болғанша "дүние өтіп, керуен көшіп” кетеді - ау.

    Меніңше, адамның дүние байлығымен қатар ішкі жан - дүниесі бай болуы аса қажет. Егер пенденің іші жұтаң болса, онда ол тірі өлік қой. Ал рухани байлық көзі - кітап. Мұны бәріміз білеміз. Әттең, осы білгенімізді іске асырмай, “ауызбен орақ орып” жүре беретініміз - ай. Сонымен, менің айтайын дегенім - бүгінгі жастардың кітап оқымайтындығы. Бәрі емес, бірақ көбі. Кітап оқудан гөрі атыс-шабысқа толы,кісі өлтіруден көз  ашпайтын  шетел киноларын көруді тәуір санаймыз. Сол киноны көрген құрлы миың зеңгіп, ойың шашырап кетеді. “Әдебиет - әр халықтың көркем тарихы” дегенді ескерсек, біз әдебиеттен ғана емес, тарихтан да құралақан қалатын  сияқтымыз. Осыған қарап кітап оқымайтын, бос жүрген, орынсыз күлкіге үйірсек жастар қатарының көбейіп келе жатқанынан қорқатындаймын.

 



Бөлісу: