Тәуелсіздік және Қазақстанның ұлттық идеясы

Тәуелсіздік және Қазақстанның ұлттық идеясы
жеке
блог

Тарихы, түп тамыры сонау түркі мемлекетінен басталатын «елім, жерім деп қан төккен» қазақ жұрты өзінің іргелі елін, салиқалы салтын, қабырғалы қалпын сақтап қалғаны – ерік-жігерінің, қайсарлығының, асқақ рухының арқасы. Еңсесін тіктеп, азаттықтың белбеуін байлап, өз алдына тәуелсіз ел атағын иемденген Қазақстан біршама ауыр күндерді бастан өткерсе де, күллі әлемге өршіл үнін, өркениетке, мәдениетке деген үмітін мойындатты… Ата-бабаларымыздан аманат болып қалған кең байтақ жеріміз, еш кедергі жoя aлмaғaн тiлiмiз, мәдeниeтiмiз тeк қaнa қaзaқтың рухани күштілігімен сақталды. Осындай ұлттық құндылықтарымызды, салт-санамызды сақтап қалу үшін ұлттық идеяны ұстануымыз қажет. Ұлттық идея деген не? Ол-қазақ мұраты. Жалпы, ұлттық идея көп уақыттан бері талқыланып жүрген мәселе. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі қазақ елі өзіндік ұлттық идеясын іздестірумен келді. Сан түрлі ұсыныстар мен пікірлер туды. Ұзақ уақыт бойы нақты байлам болған жоқ. Ал, дәл қазіргі сәтте біз үшін болашаққа бағдар жасайтын, ұлтты ұлы жолдарға жетелейтін идея бар. Ол- тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлының «Мәңгілік ел» идеясы. Мәңгілік ел көпшілікті бір негізгі ортақ мақсатқа тоғыстыратын идея. Әр Қазақстан азаматы үшін мақтаныш және патриоттық сезім қалыптастырады деп айтсам қателескенім емес. Бұл идеяның басты құндылықтары ретінде біз Тәуелсіздігіміз бен астанамызды, бірлік, бейбітшілік пен келісімді, тарихты, мәдениетті және қастерлі тілімізді, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қарастырамыз.Тәуелсіздікпен бірге біз халықтың мәңгілік мұратына қол жеткіздік, еліміздің жүрегі саналатын, аз ғана уақыттың ішінде ең әсем қалаға айналған елордамызды тұрғыздық. Ендігі кезекте, қазақ жұртының мәңгілік ғұмыры болашақ ұрпақтың келешегін баянды етуге арналады.

Менің ойымша, «Мәңгілік ел» идеясының көтерілуі ол орынды. Себебі, қазіргі жаһандану заманында елдің бірлігін, тұтастығын сақтауға таптырмас идея. Бұл идея төңірегінде біздің қазақ халқы бастаушы ұлт, ал біздің жерімізде тұратын өзге этнос өкілдері сол ұлттың төңірегінде шоғырланып, әрі қарай тату өмір сүріп, саяси тұрақтылықты сақтауы керек. Ол үшін қазақ жұрты өз сипатына сай, бекем болса дейміз. Қай тұрғыдан мықты болуы тиіс? Алдымен өз тілін өзі құрметтеп, өз салтын сақтап,  рухани дүиесін жетілдіруі қажет. Сонымен қатар, «Мәңгілік елдің» үлкен идеологиялық негізі, тұрақтылығы болуы шарт. Идеологиялық негіз деген не? Неден тұрады? Әрине, ең алдымен, тіл. Мемлекеттік тілді тұғырына орнату қажет. Ал содан соң тарихи сана. Тарихи түсінікті  тұрақтандырып, қалыптастырғанымыз жөн. Қазақ елінің тарихы терең, талай қиыншылықты еңсеріп,  әлемдегі ең алдыңғы қатарлы өркениеттердің санатында болған, ұлы түріктің ұрпағы екенімзді тек өзіміз ғана білмей, өзгеге де көрсете білуіміз қажет. Жалпы айтқанда, «Мәңгілік ел» идеясы тереңінен ойластырылған және ғылыми тұрғыда негізделген құжат болып табылуы керек. Идеологиялық жағынан қазақтың тарихи арманы көрініс табуы қажет.