ҚазҰУ - Қазақстандық ЖОО қарқынды дамуының жарқын үлгісі

ҚазҰУ - Қазақстандық ЖОО қарқынды дамуының жарқын үлгісі
жеке
блог

Мен оқитын білім ордасы – «қара шаңырақ» болып саналатын Қазақстанның алдынғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Жыл сайын университетке екі мыңнан астам студенттер түсіп, 180 сала бойынша мамандар дайындалады. Университетте 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк бар. Сонымен қатар «Қара шаңырақта» 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және жеке сыйлықтарының лауреаттары және жас ғалымдарға арналған сыйлықтардың 40 лауреаттары, 47 мемлекеттік ғылыми стипендия стипендиаттары жұмыс істейді. Ұлттық Университеттен Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Дулат Исабеков, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Олжас Сүлейменов, Әзілхан Нұршайықов секілді елімізге еңбегі сіңген тұлғалар тәлім алған.

ҚазҰУ студенті ретінде мен университеттен тек қана сапалы білім алып қана қоймай, сондай-ақ студенттік өмірдің қызықты күндерін өткізуге болатындығын айтқым келеді. Университетімізде студенттердің белсенді өмірге қызығушылығын арттыратын «Студенттік кеңес», «Көмек», «Маслихат» сияқты бірнеше ұйымның болуы осы сөздерімнің дәлелі. Сонымен қатар мен білім алып жатырған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2020 жылдың маусым айында әлемнің ең үздік 200 университетінің қатарына еніп, жалпы рейтинг бойынша 165 орынды иеленді. Қазақ Ұлттық Университетінің әлемнің ең үздік 200 университеттерінің қатарына енген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны болғандығы мақтануға тұрарлық деп ойлаймын.

Қорыта айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті - Қазақстандық жоғары оқу орындарының қарқынды дамуының жарқын үлгісі. Білімді, тәжірибелі мұғалімдер жұмыс жасайтын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ұжымына алғысымды білдіре отыра, алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілеймін.

Дайындаған:

Досанова Альбина, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторы, жетекші;

Балтабаева Жаннұр, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті.