Семей полигонының тарихы

Семей полигонының тарихы
жеке
блог

     Әлемде қырғи-қабақ соғыс болып, державалар атом қаруын ойлап тауып, жетілдіріп жатқан кезде Кеңес одағы да бәсекелестерінен қалмай, бұл залым доданың басты ойыншысына айналды. Ядролық қаруды дамытып отыру үшін ұдайы оны сынақтардан өткізіп отыру керек еді, бұл сынақтардың бағасы да ауыр еді, қоршаған орта және адам қауіпсіздігі мен денсаулығына әсер ететін ауыр зардаптардарды қызыл үкімет айқын білді. Отаршылдық пиғылдағы Кеңес үкіметі үшін бұл ауыр салдарды қабылдау үшін Қазақстанды таңдады, батысымызда Капустин Яр полигонын салса, шығысымыздан қара күндей Семей полигоны пайда болды.

     Арнайы 18 миллион гектар жер бөліп, 1949 жылы Семей ядролық қару алаңы ашылды. Алғашында адамға да, жануарға да, жалпы тірі тіршілік иесіне орасан зор зиян тигізетін ашық жарыластар жасалды, бомбалардың жарылыстары соғыстан кем болмаса, артық емес сұмдық еді. Әр сынақтан кейін радиация тарап, одан шамамен 500 мыңдай адам зардап шеккен. 1949 жыл мен 1963 жылдың арасында болған ашық сынақтардың зардаптарының есебі жоқ көп болды, аймақтағы ауру-сырқаттың есебін Кеңес одағы ыдырағанға дейін барынша мұқият жасырып келді. Семейде онкологиялық, жүрек аурулары, жүйке жүйесі мен психикалық аурулардың көбеюі осы жылдарда күрт артты Көптеген жасықсыз жандар өз отанында жүріп, көптеген отбасылар өз жақындарының қиналысына шыдай алмай қайғы кешті. Семей ядролық жалпы саны 456 сынақ болса,  соның 116-сы ашық әуе кеңістігінде жүзеге асырылды. Қазірде зерттеушілердің пайымдауынша бұл жарылыстар әлемдегі ең қуатты, күші жағынан ауыр жарылыстар болған. Мысалы, атап өтсек әлемдік тарихтағы ең орасан зор апат болып табылатын Хиросимаға 1945 жылы тасталған ядролық атом бомбаларынан Семейде сынақтан өткізген атом бомбасының қуаты 2,5 мың есеге қуатты болған.

     Ядролық жарылыстардан ең сорақы жері қауіпсіздік, дайындық шараларының тиісті дайындықсыз, жауапкершіліксіз жүргізілуі. Халыққа алғашқы сынақтардың өтетіндігін ешқандай да билік өкілдері ескертпеген, ең алғашқы сынақ кезінде тосыннан болған жарылысты көргенде халықтың қандай жантүршігерлік сезімдерді бастан кешіргені айтпаса да түсінікті. Ядролық сынақтардың болатындығын ескерту тек ғана 1953 жылдан бастап ғана жүргізілген, халыққа оның алдынғы уақыттарда болған жарылыстары туралы ешқандай түсіндірімелер берілмеген. Адамдарды қорғау мақсатында жергілікті тұрғындарды сынақ алаңынан алыстау қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары мүлдем жүргізілмеген, адамдарға көмек көрсетіліп, эвакуацияға қажетті мемлекет тарапынан қолдау болмағасын адамдар қираған үйлерде, сол радицалық аймақтарға малын бағып, шаруашылығын жүргізіп адамдар бұрынғыша өмір сүруін жалғастыра берген, қиналыстарды тікелей қабылдап, ауыр күндерді бастарынан кешірген.

     1963 жылдан бастап сынақтар жер астында ғана өткізілсе де оның зардаптары аз емес, мысалы, атап айтсақ, 1989 жылы 12 ақпан күні жоспар бойынша кезекті сынақ өткізіледі.  Бұл сынақ кезінде жерасты үңгірлерінің бірінде қуаты 70 килотоннадан асатын ядролық атом жарылды. Оның салдарынан сол жерде саңылаулар пайда болып, саңылаулардан бірнеше тәулік бойы радицалық газдар жер бетіне шығып, тарап тұрған.  Ол газдардан пайда болған радицалық бұлт сол аймақта бүркеп, аймақтағы ахуалды қиындатты. Бұл жағдайдан кейін санжылғы азаптарға шыдамаған Қазақстан халқының наразылығы көрсетуі басталды. Елімізде «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы қалыптасты. 1989 жылы ақпан айында наразылар өздерінің ең алғашқы қарсылық митингісін ұйымдастырды. Қозғалысты қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүле        йменов басқарды. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық» – делінген болатын.

     Қорытындылай айтқанда, сан жылдар бойы азап шеккен халқымыз, ядролық қаруды жойылуын қалап, өз позицияларын айқын білдірді. Бұл наразылықтардан кейін жоғарғы өкімет органдарында, жоғарғы кеңес сессияларында талқылаулар жүргізіліп, Кеңес үкіметі уақытша мораторий жариялады. Еліміз егемендік алғаннан кейін, 1991 жылы 28 тамыз күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды. Орасан зор азаптар алып келген Семей полигоны осылайша 1991 жылдың 29 тамызында жабылып, қайғы мен қасіретімізге тоқтау болды.

 

 

Болат САЙЛАН, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, т.ғ.д.

Құралай Калыкулова, 1-курс студент