Ғылымның динамикалық мәселелері. Т.Кун моделі.

Ғылымның динамикалық мәселелері. Т.Кун моделі.
жеке
блог

Қусайн Гауһар

 

                                                                      Әл-Фараби ат.ҚазҰУ-інің 1-курс магистранты

 

                                                                                                                           Жанатаев Данат

 

                                                                                     Әл-Фараби ат.ҚазҰУ-інің профессоры

 

Ғылымның динамикалық мәселелері. Т.Кун моделі.

 

            Ғылым феномені жəне де оның даму заңдылықтары осы уақытқа дейін қызықты мəселердің біріне жатады. Ғылымның теориялық жəне эмпириялық жақтарынан зерттеген. Əр ғылымда өзгеше ережелер мен қағидалар ұсынылғанмен бəріне ортақ заңдылықтар бар екендігі айқын. Тек ХХ ғ. аяғында ғылым дамуының философиялық тұжырымдамасы толық құрастырылды деп санауға болады; оған ықпал еткен Т. Кун, К. Поппер, И. Лакатос, Ст. Тулмин, П. Фейерабенд, М. Полани т.б. болды. Өзекті болған соң ғылым философиясының сұрақтары осы уақытқа дейін əр түрлі мамандардың назарын өзіне тартады.

             Осы орайда әуелі төрт ұғымға анықтама бере кетсек. Дəстүр - ұрпақтан ұрпаққа жалғаса алатын əлеуметтік пен мəдени мұраның элементтері. Ғылымда дəстүр дегеніміз, ғылыми танымда жалпы қабылданған білімдер, нормалар мен идеалдар жүйесі. Нақты түрде ол ғалымдар арасында бір дəлелденген теорияның, ережелер мен нормалардың адекваттік түрі бойынша қабылдау келісімі, конвенциясы. Дəстүр ғылымда шығармашылық процесті бақылау мен меңгеруді өткізетін ережелерді сақтауға арналған консерватизм позициясын тұрақтандырады. Консерватизм сол себепте дилетантизм мен білімсіздікке жол жабады. Осылар арқылы «нормалы ғылым» өзінің өмірін атқарады, - дейді Томас Кун. Бірақ, дəстүр əрқашанда жаңалыққа да жол қалдыру керек. Себебі, ғылымның жаңалығы таза ақ қағаздан басталмайды, оның қалыптасқан негізі бар; яғни, жиналған білім, əдет пен икем қайта өндірілу керек. Жаңашылдық - материалдық пен рухани сфералардағы жаңалықтар.

             Жаңалықтар өздері екіге бөлінеді: 1. коррекция жасайтын, ескі дəстүрдің кейбір түрлерін өзгертеді; 2. жаңа дəстүрді енгізетін. Əр салада екіншісі қиын қабылданады. Келесіде ол өзінің қолдаушыларын тауып дамиды. Сөйтіп концептуализация арқылы (ғылыми ортада айқын жарияланған соң) ол өзі дəстүрге айналады, білім жүйесінде өндіріледі. Жаңа идеялар дəстүрлі терминология тілінде жарияланады немесе жаңа ұғымдарды енгізеді.

            Дəстүр мен жаңалық мəселесін «революция» мен «эволюция» («қалыпты даму»), интенсивті (радикалдық-революциялық) жəне экстенсивті (фундаменталды теориянының қолдану аймағын кеңейту) даму түрлері арқылы қарастырамыз.

             Ғылыми революция - ғылыми білімнің динамикасында ғылымның негізімен бағытталған, зерттеу стратегиясын өзгерту кезеңдерінде күрделі рөл атқарады. Сол кезеңдерді ғылыми революция деп атайды. Адамзат өзінің дамуында бірнеше ғылым мен техниканың революциясынан өтті: өнеркəсіптік, электротехникалық, электрондық, бағдарлама жəне «жасыл» революциясы.

            Сөйтіп, көлем мен өзгертудің тереңдігіне қарай революцияларды жаһандық, локалды жəне мини-революциялар деп бөледі. Фундаменталды (жаһандық) революциялар ғылымның негіздерін (идеалдар, ғылым нормаларын) жəне дүниенің ғылыми бейнесін (онтология өзгереді) күрделі түрде өзгертеді. Локалды революциялар ғылымның негізін өзгерпей тек зерттеу нақтылықтың бейнесін өзгертеді.

            Ғылыми білімнің дамуы мен оның психологиялық пен əлеуметтік реконструкциясы туралы Томас Кун өзінің «Ғылыми революцияның құрылымы» атты шығармасында жариялаған. Бұл шығармада жеке ғалымның жəне ғылыми ұжымдардың қызметінің психологиялық пен əлеуметтік факторлары қарастырылған.

            Кунның пікірінше, ғылымның дамуы - ол екі кезеңнің бір-бірін ауыстыру процесі - «қалыпты ғылым» жəне «ғылыми революция». Екіншісі ғылымның тарихында біріншіге қарағанды аз кездеседі. Кунның тұжырымдамасының əлеуметтік-психологиялық аспекті - ол ғылыми ұжымның өкілдерімен нақты бір парадигманы ұстану, яғни, бұл оның ғылымның əлеуметтік құрылымында алатын орны, ғалым ретінде қалыптасуындағы ұстанатын принциптері, мейірі мен эстетикалық себептері мен мəнері. Осы факторлар ғылыми ұжымның негізін құрастырады.

             Кунның тұжырымдамасында парадигма деген сол ғылыми ұжыммен қолданатын жалпы идеялардың жиынтығы мен методологиялық ұстанымдары. Парадигмаға келесі екі қасиеттер тəрізді: 1. ол ғылыми ұжымның қызметінің негізі болып қабылданады, 2. ол өзгеріс сұрақтарды, яғни зерттеушілерге жол ашады. Парадигма - ол əр ғылымның бастамасы, мақсатқа сай фактілерді іріктеуге жəне оларды сараптауға бағытталған. Парадигма əлде «пəндік матрица» келесі маңызды компоненттерден тұрады: 1. «мағыналық жалпылау» - ол ғылыми топтың мүшелерімен логикалық түрде күмəнсіз жəне қайшысыз қолданатын пікірлер; 2. «парадигманың метафизикалық бөлшектері», мысалы, «жылу дегеніміз затты құрастыратын бөлшектердің кинетикалық энергиясы»; 3. құндылықтар, мысалы, болжауға қатысты, сандық болжаулар сапалықтан 69 үстемді болу қажет; 4. жалпы бəрімен қабылданған үлгілер.

            Осы компоненттердің барлығы ғылыми ұжымның барлық өкілдерімен білім алу кезеңінде қабылдану керек, олардың рөлі кейін «қалыпты ғылым» кезеңінде қызметінде үстемді жəне негізгіге айналады. «Қалыпты ғылым» кезеңінде Кун фактілерді үш түрге бөледі: 1. Заттың мəнін ашуға арналған фактілер; зерттеу бұл кезде фактілерді анықтау мен кең жағдайларда белгілеуден тұрады; 2. Үстемсіз, қызықты емес фактілер, бірақ парадигмалдық теорияны шығарғанда салыстыруға қажетті; 3. Парадигмалды теорияны шығару үшін керекті эмпириялық жұмыс.

            Бірақ осымен ғылыми қызмет шектелмейді. «Нормалы ғылымның» сол қабылданған парадигманың шеңберінде дамуы парадигманың өзінің күшімен байланысты, яғни, ол пайда болып жатқан ғылыми мəселелерді шешкенге дейін. «Қалыпты ғылымның» бір кезеңінде парадигманың болжауымен бақылаудың нəтижелерінің арасында қайшы туады, ауытқулар шығады. Сол ауытқулардың саны көбейгенде ғылымның қалыпты ағымы тоқтап, дағдарыс туылады, осы жағдайды тек жаңа парадигмаға əкелетін жаңа ғылыми теориямен шешуге болады.

            Кунның пікірінше, жаңа парадигманың рөліне теорияны таңдау логикалық мəселеге жатпайды: «Шеңберге кіргісі келмеген адамды логикамен немесе ықтималды теориямен көндіру мүмкін емес. Парадигма туралы пікірталаста екі жаққа лайықты ортақ логикалық шарттар мен құңдылықтар жалпы емес. Саяси революциялардағыдай, парадигманы таңдау жағдайында сол қоғамның келісімінен жоғары ештеңе тұрмайды».

            Кунның ойынша, жаңа парадигма өзіне ескіні нақты оқиға түрінде кіргізеді деген пікір жалған. Кун парадигмалардың өлшемсіздігі туралы тезис ұсынды. Парадигманы өзгерткенде ғалымның бүкіл əлемі өзгереді, сөйтіп, ғылыми бақылаудың объективтік тілі жоқ дейді. Ғалымның қабылдауы парадигманың əсеріне бағынады. Т. Кунның ең үлкен жетістігі - ол ғылымның табиғаты мен прогресін ашуға жаңа жол тапты. К. Поппердің ғылымның дамуын тек логикалық ережелер арқылы шешуге болады деген пікірге қарағанда, Кун өзгеше осы 70 мəселеге адамдық факторды оның шешіміне жаңа, əлеуметтік жəне психологиялық себептерді енгізді. Т. Кунның кітабы, «Қалыпты ғылым» атты ұғым жəне оның анықтамалары» көп пікірталастар тудырды. «Нормалы ғылым» атты ұғымның түсінігіне сынау үш бағыттан тұрады. Бірінші, ғылыми қызметте «нормалы ғылым» атты құбылысты мүлдем жоққа шығару. Осы пікірді ұстанған Дж. Уоткинс. Оның айтуынша, ғылым ешқашанда өз орнынан жылжымас еді, ғалымдардың қызметінің негізгі формасы «қалыпты ғылым». Оның пікірінше, осындай «қалыпты ғылым» деген қызықсыз қызмет жоқ, Кунның «қалыпты ғылымынан» революция шықпайды. «Қалыпты ғылымның» сынында екінші бағытты ұстанған Карл Поппер. Ол Уоткинске қарағанда, ғылымда «қалыпты зерттеу» кезеңді жоққа шығармайды, бірақ Кун сияқты «қалыпты ғылыммен» ғылыми революцияның арасында ешқандай айырмашылық қөрмейді. Оның пікірінше, Кунның «қалыпты ғылымы» қалыпты емес жəне ғылымның өзі үшін қауіпті. Поппердің пікірінше, ғалым бір теорияның шеңберінде қызмет етсе де, ол оның шеңберінен шығады. Кунның қалыпты ғылымының сынауында үшінші бағыт бойынша қалыпты зерттеу бар, бірақ ол ғылым үшін негізгі емес, Поппер айтқандай қаупты емес. Қалыпты ғылымға сонша мəн бермеу керек, ол жағымды да, жағымсыз да емес.

            Стивен Тулмин айтқандай, ғылымда ғылыми революциялар жиі кездеседі, ғылым тек білім жинақтау бағытпен дамымайды. Тулмин үшін Кунға қарағанда, революция революциядан кем, ал нормалы ғылым - кумулятивтілігімен кем. Бұл жағдайда сынау тек иррационализмге қатысты.

            Сөйтіп, Кунның тұжырымдамасы үлкен пікірталастан өтіп, оның оппоненттері ғылыми дамудың өз модельдерін ұсынған: Имре Лакатостың тұжырымдамасы мен Стивен Тулминнің пікірі келесі орын алады.