Абдуррахман Сел: Неміс қоғамында мұғалімнің беделі өте жоғары

Абдуррахман Сел: Неміс қоғамында мұғалімнің беделі өте жоғары
жеке
блог

   Қазақстан білім беру ісіне өзіндік үлес қосқан азаматтардың бірі ─Абдуррахман Сел. Білім инновациялық лицейлері қарайтын халықаралық қордың вице-президенті қызметін абыроймен атқарған ол Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академия қызметкерлерімен онлайн кездесті.  

   Қазіргі таңда Германияда тұрып жатқан А. Сел сол мемлекеттің білім беру ісіне қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Оның айтуынша, бұл елде мұғалімнің деңгейі де, беделі де өте жоғары. Неміс қоғамында мұғалімнің оқушыға қойған бағасы баланың келешегі үшін маңызды деген қағида қалыптасқан.

   Тіл үйретуге баса назар аударылатыны да байқалды. Әрине, шетел тіліне де қатысты. Бұл елде оқушылардың 82%-ы шет тілін біліп шығады екен. Мемлекеттік мектептерде пәндер неміс тілінде оқытылады.   

   Сонымен қатар, Абдуррахман Сел мырза  Вальдорф мектептерінің де білім беру жүйесіндегі оңтайлы әдстемелері жайында өз ойын жеткізді. Оқушылардың білімін бағалау жүйесіне  1 және 8 сынып аралығында ұпай, баға қойылмайды. Неге десеңіз, бағаға тәуелді болу олардың жүйкесіне кері әсері болуы мүмкін. Тіпті оқу үдерісінде оқулықтар өте аз пайдаланатын көрінеді.


(Фото интернет  көздерінен алынды)