Ғылым философиясы

Ғылым философиясы
жеке
блог

  XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың бірінші онжылдығында ғылымның философиялық мәселелері, оның дүниетанымы, онтологиялық, гносеологиялық, методологиялық, аксиологиялық және праксеологиялық аспектілері өте өзекті болды.

   «Ғылым философиясы» терминінің өзін алғаш рет 1840 жылы ағылшын зерттеушісі Уилсон Юэлл енгізген деп саналады.  Кейінірек бұл терминді Е. Дюрингу дамытқан болатын. В.Селларс ғылым философиясын «это философия, которая берет науку серьезно» деп есептеді, өйткені ғылым адамзат болмысының ажырамас бөлігі болып табылады. В.И.Вернадскийдің пікірінше, ғылым философиясы «жаратылыстанудың жалпы мәселелерін талқылау кезінде философия мен ғылымның тығыз байланысы» болып табылады. Демек, « философиялық және ғылыми сұрақтар эллиндік ғылым дәуіріндегідей біріктірілді ». Г.Гегель: «егер ғылым өзі үшін тануды талап етсе, онда, «ол міндетті түрде ақыл мен ойдың алдында өзін-өзі ақтауы керек» деген тұжырым жасаған.

  Кейбір ғалымдар «ғылым философиясы» ежелгі әлемде пайда болды деп санайды , ал кейбіреулері бұл пікірмен мүлде келіспейді. Оның себебі, зерттеушілердің көпшілігі ғылымның өзі және дәлірек айтсақ, эксперименталды және математикаландырылған жаратылыстану Еуропада тек XVII-XVIII ғасырларда пайда болғандығын алға тартады.

   Қазіргі кезде қалыптасқан ғылым философиясы метатеория мәртебесіне ие. Бұл дегеніміз, ол белгілі бір ғылым саласына қарамастан ғылыми білімді ұйымдастырудың жалпы принциптерін, оның дамуы мен ғылыми қызмет принциптерін көрсетеді. Басқаша айтқанда, ғылым философиясы жеке ғылымдардың (физика, биология, әлеуметтану және т.б.) ерекшеліктерін ғана емес, барлық ғылымдарға тән сипаттамалық белгілерді, техниканы, әдістерді зерттейді, бұл ғылымды бейсаналықтан ажыратады. Сонымен бірге, оны биология, физика және басқа да арнайы ғылымдардың дамуы барысында туындайтын философиялық мәселелерге тоқталу үшін, даму ерекшелігі мен білімнің жеке салаларын талдауға бұруға болады.

    ХХ ғасырдың ортасындағы ғылым философиясында ғылымды эмпирикалық негіздеу мәселелері және ғылыми білімдегі эмпирикалық зерттеулердің рөлі, сонымен қатар ғылыми білімдегі эмпирикалық және теориялық байланыстарға басымдылық беріліп, осы тұрғыда көптеген жұмыстар атқарылған болатын.

   ХХ ғасырдың аяғында, ғылым философиясында ғылыми ұтымдылық пен ғылыми критерийлер туралы жаңа түсініктер қалыптаса бастаған болатын. Ғылым дамуының әртүрлі модельдері арасындағы бәсекелестік күшейе түсті. Соңында, ғылыми білімді әлеуметтік детерминациялау туралы мәселесі басшылыққа алынып, соның нәтижесінде; ғылыми білімдерді және ғылыми мәселелері гуманизациялау өзекті бола бастаған болатын.

  Қазіргі ғылым философиясы жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық білім арасындағы жоғалған байланыс рөлін атқарады және қазіргі өркениеттегі ғылымның этикаға, саясатқа және дінге деген әртүрлі көзқарастарындағы орнын түсінуге талпыныстар жасауғу бағыттталған. Осының арқасында, ғылым философиясы құбылыстар мен процестерге ғалымдардың  тар шеңберлі кәсіби көзқараспен қарауына жол бермей, жалпы мәдени функцияны да орындайды. Ол бізді кез-келген проблеманың философиялық жоспарына, ойдың шындықпен байланысына толығымен назар аударуымызға әсер етеді.

Кенжесары Ақерке

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

Данат Жанатаев

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры