Сенің таңдауың - мүмкіндіктің мекені

Сенің таңдауың - мүмкіндіктің мекені
жеке
блог

                 Жастардың бүгінгі міндеті — оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Жастар бүгін сөзден іске көшетін заман. Білімсіз істің реті болмайды. Сондықтан, жастардың жалпы назары мектепке аударылуы керек.
                                                                                                  Ғани Мұратбаев

                 ХХІ ғасыр әлем елдерінің бір-бірімен бәсекеге түсіп, арыстандай атылып, жолбарыстай жұлысып тайталасқан заманы. Әр мемлекет әлем лидері үшін, құрығанда аймақтық көшбасшыға айналу үшін барлық салада бақталасып келе жатыр. Осындай бәсекеде елдің дамығандығын көрсететін ең үздік фактор білімі және кадрларының біліктілігі. Себебі, ХХІ ғасыр қолдағы әскер мен техниканы мақтанып көрсетіп бой жарыстыратын емес, бастағы ақыл-зиятты көрсетіп ой жарыстыратын дәуір. Бетке ұстар білікті кадрдың білімі болу қажет, ал оны дайындайтын жоғарғы оқу орны, жалпы айтқанда университет. Бүгінгі күні еліміздің ең үздік университеті әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті болып табылады. Сонымен, 1934 жылы құрылған университетіміз қандай жетістіктерге жетті және бұл университетте оқудың пайдасы не, сонымен қатар білім алушы студенттерге, болашағымызды сеніп тапсыратын жастарға қандай жағдай жасалған? Осының бәрін талдап, сіздерге толық мағлұмат беруге тырысатын боламыз.
             Сонымен жетістіктеріне тоқталсақ, ең бірінші ҚазҰУ білімі және ғылымымен жетістіктерге жетті. Елбасымыз айтқандай, білімі мен ғылымы дамыған ел ғана өркениетті елдер қатарына ене алады. Осы жолда көрсеткен университеттің басты нәтижелері мынадай: Қазақстан тарихында алғашқы рет ел президентінің “Сапа саласындағы жетістіктері үшін” сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының “Қызметтер мен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін” сыйлығының дипломанты атағын жеңіп алды. Ең бастысы, әлем елдерінің озық оқу орындары бәсекеге түскен Халықаралық QS рейтингісі бойынша үздік 220 университеттің қатарына кірген ТМД-дағы 2 және Орта Азиядағы жалғыз университет. Еліміздің ең үздік оқу орнының жетістіктері мұнымен біте қоймайды. Олардың барлығын тізу үшін бір таңның өзі аздық етеді, жоғарыдағы айтқанымыз солардың тек бір тамшысы ғана.
             Ендігі кезекті оқу орнының әлеуеті қандай, сол туралы баяндайтын боламыз. Бүгінгі таңда университет құрылымы 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталық пен технопарктан тұрады. Білім беруші тәлімгерлерге келетін болсақ, 2000-нан аса профессор, доктор, ғылым кандидаты және философия докторлары, 100-ден аса академиктер білім береді. Бакалавр және магистр дәрежесінде 25000 студент білім нәрімен сусындауда. Осы 85 жылдық еңбегі мен мол тәжірибесі негізінде университетіміз әлемнің ең үздік 418 жоғарғы оқу орны мен ынтымақтастық орнатты. Бұл даму тоқтап қалмақ емес, алдағы уақытта бұдан да көп мақсаттар тұр.
Биылғы жастар жылында студенттерге жасалған жағдай еліміздің ең алдыңғы рейтингтерінде көш бастайды. Инфрақұрылымына келсек, Университет территориясының жалпы аумағы 100 гектар жерді алып жатыр, 14 оқу ғимараты, іс-шаралар мен пайдалы қоғамдық жұмыстарға толы Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, 4 мұражай, әл-Фараби атындағы кітап қоры 2 миллионнан асатын үлкен кітапхана, Интернет орталығы, заманауи үлгіде салынған “Керемет” студенттерге қызмет көрсету орталығы, 14 жатақханамен қамтылған. Айта берсек, студенттерге жайлы таусылмайтын зор мүмкінтерді көруге болады.
                “Елдермен елдерді, мемлекеттермен мемлекеттерді теңестіретін білім” деп Мұхтар Омарханұлы Әуезов айтқандай, еліміз әлем көшбасшысы болсын десек, білімге ұмтылуымыз керек.Ал сол жолда сіз немесе сіздің балаңыз белсенді болып, қатарының көшбасшысына айналсын десеңіз сіздерді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне шақырамыз. Әлемнің биік белестерін бағындыруда біздің университеттің жалынды жастары ештеңеден аянып қалмайды.