жеке
блог

ГМ-172/10 мекемесінде 8-Наурыз халқаралық әйелдер мерекесі өтті.

ГМ-172/10 мекемесінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер меркесіне орай мерекелік іс-шара аталып өтті.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемсіндегі шаруашылық жұмыстары үшін қалдырылған сотталғандар және оқшауланған аймақ сотталғандары арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік мейрамы 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай іс-шара өткізілді.
Іс-шараның ашылуы ГМ-172/10 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Сузақбаев Есбулат Аглепесовичтың құттықтау сөзімен басталды.
Іс-шара 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесінің шығу тарихы бойынша бейне ролик көрсетілді. Жазасын өтеуші Н.Жақайұлы, Л.Вильданов «Ана», «Қылықты қыз», «Сүйемінғо», «Өз жүрегіңнен ұялмайсыңба», әндерін шырқады. Іс-шарада сонымен қатар «Мақалды жалғастыр» ойыны ойнатылды. Шаруашылық жасақтың жазасын өтеуші Б.Донбаев және Қ.Сартов «Ана», «8 наурыз» атты поэмасын оқыды, Абдимуратов А. Қарақалпақ елінің «Бір дана гүл» атты әнін орындады. Шаруашылық жасағының жазасын өтеуші Н.Жақайұлы «Мүмкін емес», «Ол көктем оралмайды», «Анашым-ай» әнін шырқады. Іс-шара соңында мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Е.Сузакбаев өз сөзінде жазасын өтеушілердің аналарының мерекесімен құттықтап, отбасыларына тез оралуына тілек білдірді.



Жұлдызды блогтар