51 жылдан кейінгі кездесу

51 жылдан кейінгі кездесу
жеке
блог

Бұл бір желдей ескен қысқа ғұмырда адам өмірінде қызықты оқиғалар мен жаныңа жақын жандар естен кетпей қалатыны белгілі. Анам менің қазір туған ауылым Кененде қара шаңырақтың отын түтетіп, берекесін кіргізіп отыр. Қазақ әйелдері арасынан алғаш шыққан КСРО киномехик саласының үздігі, "" Октябрь"" және "" Құрмет белгісі" ордендерінің иегері атанған аяулы анамның әрқашан алладан саулығын тілеп жүремін.

Кеше киелі қара үйімде тосын бір оқиға болыпты. Өзім сыртта жүрсемде қара шаңыраққа жүрегім, жаным байланым қалғандай сезінем. Кезінде анашымның жанында көмекші болып қызмет атқарған Күлдәрия Жанабаева деген апамыз анама сәлем беруге келіпті. Араға 51 салып келген Күлдәрия апамыз анамды құшып сүйіп басына қазақы ұлттық дәстүрмен ақ орамал жапты. Жылдар, жылдар, жылдар-ай. Кезінде өрімдей сұлу талдырмаш келген қазақтың қос аруларының келбеттерін жылдар ұрлап алса да, мөлдірген қара көздерінде бар ғұмырлары жасырынып тұрғандай.

Мына бір газеттің бір жапырақ қиындысы сол жас кездеріндегі батыл да белсенді қос ананың өміржолдарынан хабар беріп тұр. Бір жапырақ мақалада бар ғұмырлары тұрғандай қос ана қайта-қайта суретке қарап көздеріне жас алады. Ал, анашым болса, сол бір жас кездерінде кино саласында бірге тер төгі, бірігіп еңбек еткен құрбылас сіңілісінің 51 жылдан кейін табылдырық аттап іздеп келіп сәлем беруі көңіл-күйін көкке бір көтеріп тастаған екен. Бұл кездесудің мән мағынасы аса зор еді. Аман болшы анашым, есен болыңыз Күлдәрия апа.

Алла аналарымызға зор денсаулық,бақытты ғұмыр берсін. Енді байланыстарыңыз жақсарып, қатынастарыңыз үзілмесе екен деп тілеймін.