Абай есімі

Абай-ұлы ақын,қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі атасы.Абай есімі-қазақ халқының рухани жаңғыруы мен әділдік символы.Абай есімі-қазақ халқына әрқашан да жақын.Ақынның шығармашылғымен таныс емес жан жоқ шығар.Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан рухани қазынасы.Ол поэзиясы арқылы көзі көрмей тұмшаланған халықтың зарын жазды.Ақынның қазіргі заман туралы дәлдеп айтуы мен көзқарасы,ойының тереңдігі жайлы ой қозғамақпын.Ащы шындықты жеткізу үшін өлеңдерін пайдалана алды.Мұндағы ащы шындық деп отырғаным не?Иә,егер сіз Абай есімін білген болсаңыз,оның өмір тарихында білуіңіз керек.Жас бала әкесі Құнанбайдың қалауымен ел ісіне тез араласып кетті.Оған себеп-өте зерек еді.Тек зерек бола қойған емес,әділдік жолын биік қойды.Аласапыран кезде өлеңдері арқылы мұңын шақты.Бойында жатқан ақындығымен бір ұлттың тарихын суреттей алды.Иә,Абай қазақ поэзиясындағы сыншыл реализмнің жолын ашты.Абай үшін бәрінен шынайылық маңызды еді.Неге десеңіз?Себебі,бір ғана шумағының өзіңде халықтың бар болмысын сыйғыза білді.Абайдың жері,халқы бодандықта,болашағы бұлыңғыр еді.Тағдыры ауыр елді тығырықтан шығара алатындай ел билеушілері жоқ болды.Жоғарғы тап өкілдеріне көңілі толмайтын,білім мен адамгершілік жағынан надан деп суреттейді.Жақсы мен жаманды айыра алмаған халықты да біраз сынға алды.Надандықтан құтылуға үндеу тастады.Ресей империясының құрсауында жатқан қара халыққа қамқоршы болғысы келді.<<Ішім толған у мен өрт,сыртым дүрдей>>,-деп күрсінді.Халық қайғысы жеке жан азабына айналды.Халықтың ұлттық санасы мен намысын көтеру мақсатында өз ұлтын аямай сынады.Қорытындылай кетсем,әрбір қазақ азаматы біздің үлгі алатын Абайдай бола білсе екен.Абай армандағандай бір тұтас,бірлікте болсақ екен деймін.Әрбір жан өз ұлтының жанашыры болуы тиіс.Көкірегіміз ояу,білімге құштар,ұлт жанашырлары болып жүре берейік.



Бөлісу: