Қазақ халқының ұлттық философиясы
жеке
блог

Қазақ халқының ұлттық философиясы

  Қазақ халқының ұлттық философиясы сонау ертеде қалыптасқан деп айтсақ қателеспейміз. Бұлай деуіміздің себебі, ұлтымыз ықылым заманнан бастап өмірдің мәні, табиғат сыры, адамның жан дүниесі мен ішкі сезімдері туралы терең  ой толғанымдар жасағандығын әдеби және тарихи деректерден біле аламыз.  Иә, ерте уақыттарда бізде Кант, Декарт сияқты философияны ғылым ретінде қалыптастырған тұлғалар болмаған шығар, алайда ол біздің халқымызда пәлсапалық ой толғамдар болмады деген сөз емес. Ұлттық табиғатымыз бен дініміздің бір арнаға тоғысқан сипатынан үлкен дүниетаным мен көқарасты байқаймыз.

 Халқымыз үшін уақыт, жер, табиғат, жан-жануарлар, адамның қоршаған ортамен байланысы, кеңістік ұғымдары өте маңызды орын алған. Ұлтымыздың басты күн көрісі мал шаруашылығы, көшпелі өмір болғандықтан дүниеге деген көзқарастары осыменен тығыз байланыста болған.  Табиғатпен үйлесімділікті көздеген ата-бабаларымыз жазда - жайлауға, күзде - күзеуге, қыста - қыстауға көшіп отырған. Бағытты табу үшін жұлдыздарды басшылыққа алған, ауа-райын білу үшін жан -жануарлардың әрекетіне мән берген.  Жерді топырағына, өсімдігіне, табиғатына қарап таңдаған және сол жерде өсіп-өнген. Табиғат пен адам арасындағы байланысты түсінген халқымыз шетксіз де шетсіз дүние жайлы аса мол ақпаратқа қанық болған.

  Үлкен мәнге ие философиялық категориялардың бірі уақыт ұғымы болып табылады. Ұлтымыздың бай тілдік қорының арқасында кеңістік пен уақыт жайлы пайымдауларды білеміз. Бұрынғы заманда не күнтізбе, не сағат болмаған сондықтан  табиғат құбылыстарның күнтізбесін, яғни фенологиялық күнтізбені қолданған. Бір күндік уақытты күнделікті тіршілікпен байланыстыра отырып, қай уақыт екендігін жазбай білген. Мысалы, күн ұясынан көтерілген сәт, мал өрмей, мал өргенде, қозы ағытар кез, қозы көгендеген мезет , мал өрістен қайтан уақыт, мал қораланған мезгіл. Осының барлығы таң атқаннан, кеш батқанға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Ата-бабаларымыздың ұтқыр ойлау жүйесінің арқысына бізге осында мол мұра қалдырғандығын әрқашан мақтан ете аламыз.

  Қазақ фидософиясын айтқанда, жалпы дүниетанымдық жүйемізге тән ерекшеліктерімізді міндетті түрде ескеруіміз қажет екендігін жоғарыда айтылған мәселелер арқылы түсінеміз. Осы жайында профессор Ә.Нысанбаев «Біз өзімізге этникалық тегіміз жағынан келсек мың жылдан аса мәдениетіміз, тарихымы, философиямыз бар халықпыз. Философия дегенде оның халықтың және кәсәби формаларын айтуымыз керек» деген тұжырым жасайды. Қазақ философиясында адам мәселесіне қатты көңіл аударған. Әділеттілік, теңдік, адамгершілік сияқты негізгі ұғымдарды басшылыққа алып, осы ұстанымдардың шекарасынан шығып кетпеуге тырысқан.

  Ар-намыс мәселелеріне келгенде де ұлтымыздың табиғатына сай өз заңдылықтарымыз болғаны сөзссіз. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағағас» деген сөз бекер айтылмаса керекті.  Намыс сынға түскен кезде қай қазақ азаматы болмасын қарап қалмаған.  Көшпенді өмір салты әр уақытта  батырлықты, ерлікті, қайсарлықты қажет еткен және бұл қасиеттердің барлығы ұлтымыздың бойынан табылады. Қай уақытта болмасын жеке бас қамынан көпшіліктің, елдің қамын биігірек қойған.  Шешен сөйлеуге, тұшымды ой айтуға, дауды сөзбен шешуге, қиын-қыстау сәттерде даналықпен шығуға тырсқан. «Үлкенге – құрмет, кішіге  - ізет» деген ұстанымды басшылыққа ала отырып, еш уақытта үлкендерге қарсы шықпауға тырысқан. Ата-анаға сыйластықтықпен қараған, айтқан дүниелерін бұлжытпай орындаған. Бұдан шығаратын қортынды,  билері мен шешендері, батырлары мен ақындары, даналары болған халықта философия болмады деу үлкен қате болары сөзссіз. Қзақ халқының ұлттық философиясы қандай?  деген сұраққа Ғұмар Қараштың «өмір пәлсапасы» деген сөзімен жауап берсек болады.   

Кенжесары Ақерке

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

Данат Жанатаев

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры