Олимпиада және мұсылмандық сенім

Олимпиада және мұсылмандық сенім
жеке
блог

Лондондағы олимпиада жақындаған сайын тек спорттық қана емес, түрлі пікірлер мен сенімдердің қақтығысы орын алып жатыр. Әсіресе өзін мұсылман санайтын халайық арасында тіпті қызып тұр. Мұндай тақырыптарды тізбелесек:

1)      Лондон олимпиадасының символы саналатын «2012 – Лондон» деген жазуы бар сурет. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының басшылығының 2012 жылдың басында жариялаған байкоты көш бастап тұр. Ресми Иран жағы бұл символдан «СИОН» деген жазуды оқып, еврейлердің идеологиясын, рацизмді насихаттайтын сионизм элементтерін тапқанын жариялады. Басында Иран спортшыларын олимпидаға қатыстырмау туралы халықаралық олимпиада комитетіне байкот қойып, барша мұсылман елдерін осы бастаманы қолдауын сұраған. Бірақ соңғы кездердегі ақпараттарға қарағанда олимпиадаға қатысатын спортшылар арасынан Иран спортшылары туралы ақпараттар бар, демек ирандық спортшылар жарысқа қатысады деген сөз. 

 

2)      Лондон олимпиадасының бойтұмарлары (талисман) жалғызкөзді Венлок пен Мандевиль бейнелері. Бұл бейнелер Құранда айтылатын ақырзаман туралы аңыздағы кейіпкер жалғызкөзді «Тажал» (Даджаль) идеясына сенетін жұртты тағы дүр сілкіндірді. Бұл туралы тағы да Иран айналып өте алмады. Жалпы Иранда исламдық дүниетаным қатты сақталады, ақырзаман туралы көп талқыланып, мұсылмандық сенім нығайған саналады.

 

3)      2012 ж. өтетін Лондон олимпиадасының мерзімін олимпиада ұйымдастырушылар 27 шілде мен 12 тамыз арасы деп белгілеген. Бұл белгіленген мерзім, Шілденің 27-сінен тамыздың 12-сіне дейінгі сайыстардағы 17 күннің бәрі қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келіп тұр. Қасиетті Рамазан айында мұсылмандар күні бойы ораза ұстауы керек. Олимпиадаға жер бетінен 3 мыңның төңерегінде мұсылман спортшы қатысатынын ескерсек, біраз мәселе туындайтыны тағы белгілі.

 

Осынша мұсылмандардың сеніміне біраз селкеу түсіргеніне қарамастан, олимпиаданы бейбітшілік елшісі деп қабылдаймыз. Төрт жылда бір-ақ рет келетін спорт мерекесінің бұлай діни-сенімдермен сәйкестігін кездейсоқтық деп қараған дұрыс па?

 

http://folksland.net/m/articles/view/iran-obnarugil-v-embleme-olimpiadi-2012-slovo-sion

http://www.azattyq.org/content/world_extraordinary_events_in_olympic_games/24654862.html

http://www.azattyq.org/content/during_the_olympics_coming_month_of_ramadan/24611338.html